ҚТЖ-ның 32 қызметкері қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды
Оқуға 1 мин
Өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі III форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 32 ішкі жаттықтырушысы марапатталды. Олар 51 мыңнан астам жұмыскерді қауіпсіз өндіріс саласындағы дағдылар мен құзыреттерге үйретті. «Қауіпсіздік мінез-құлқы диалогы», «Ішкі бақылау», «Оқиғаларды басқару», «ТЖ басқару», «Қоршаған ортаны қорғау» және т. б. бағдарламалар бойынша 95 мыңнан астам сағат онлайн-сабақтар өткізілді.
Кәсіби шеберлігі және қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ішкі жаттықтырушылар «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, компанияның Басқарма Төрағасы Н. Сауранбаевтың грамоталары мен алғыс хаттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Олардың арасында Ақадыр электрмен жабдықтау дистанциясының еңбекті қорғаудың жетекші инженері, «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС экология жөніндегі менеджері, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Алматы бөлімшесі филиалының өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің бастығы және т. б. бар.
Сондай-ақ форумда 15 жыл бойы өндірістік жарақаттану жағдайлары тіркелмеген ҚТЖ-ның тоғыз бөлімшесіне 1-сыныпты сенім сертификаттары берілді. Олар: Түлкібас жол дистанциясы, Ақадыр белгі беру және байланыс дистанциясы, Бурабай – Курортының өртке қарсы және қалпына келтіру пойызы, Қандыағаш станциясының вокзалы, Бурабай-Курорты материалдық-техникалық жабдықтау базасы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Западный» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиалының Орал учаскесі, «Тұлпар» вагон жасау зауыты» ЖШС және «KTZ Express» АҚ-ның «KTZE Западный» филиалы.