Жер мен көктің арасында...

Жаңалықтар
24.01.2017, 13:07
Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясына қарасты Түркістан аудандық электр желісі  112 км диспетчерлік орталықтандырылған желі мен 100 км абонент желілеріне қызмет көрсетеді. Мекемедегі 17 маман Түркістандағы барлық темір жол мекемесі мен жол жиегіндегі  400-ге жуық абонентті, телім бойындағы 9 станция мен сонда тұратын мыңға жуық тұрғынды тәулік бойы электр тоғымен қамтамасыз етеді. Оған бағдаршамға баратын белгі нүктелері мен ПОНАБ, орталықтандырылған электр қосындарын қосыңыз. Түркістаннан бастап, Шойтөбе, Күншағыр, Ақшоқат пен Отырабаттың ортасында Ұзынқұдық разъезі  мен Темір, 37 разъезд, Қарақоңыр, Қостүйін бекеттері де кіреді. Ақдала мен Қостүйіннің ортасындағы Арыс өзенінің үстінен жүргізілген көпір мемлекеттік маңызы бар нысан саналатындықтан, түркістандықтар бақылайтын соңғы нүкте осы тұс. 7-8 электр механиктері мен монтерлері үнемі телім бойында жүреді. Негізгі ток беретін екі желінің бірінде жарық өшетін болса, қордағы тоқ екінші желіге 1,03 секундта қосылып, лезде бірінен-біріне өтуі керек. Сол кезде бағдаршам да, барлығы жұмыс атқара береді.   Халыққа жарық тарататын трансформаторлар үлкен станцияларда 3, шағын бекеттерде біреуден орналастырылған. Одан бөлек, әр бағдаршамның тұсындағы бағанада екеуден 130 кіші бір фазалық трансформатор қойылған. Бірі өшкенде, екіншісі іске қосылмақ. Егер, істен шықса бригада мүшелері реттеп тұрады. Телім бойынша бір «УАЗ» автокөлігі, Т-40 тракторы, АРВ-276  автомотодрезинасы бар.  Сосын тәуліктің кез келген уақытында электр мамандары жұмысқа шыға береді. Өткен жылы  жер астындағы кабельдік желі шіріген соң, оны жаңалау үшін 200 метрдегі 4 бағанаға 3 сым тартылып, 800 метр жердегі әуе желілері жаңарған. Кейбір тұстарда кеңес кезіндегі прожекторлар әлі «қызмет етеді». Шағын  станцияларда екі электр шамының сәулесімен жарық болса, үлкендерінде одан да көп. Себебі, вагонның алдыңғы дөңгелегін тексергенде жол бойы анық көріну керек –Біздің жұмыста асығыстық пен шалалық деген мүлдем болмауы керек. Қауіпті электр қуатымен жалғанған желілер күтімін жасаған мамандарымыз жерде де, көкте де жұмыс жасайды. Сондықтан, екі шоқып, бір қарайтын сауысқанның сақтығы керек.  Айына бір рет еңбек қорғау күніне ұжым мүшелері түгел қатысып, сабақпен қатар жазатайым оқиғалар талданып, жеделхаттар таныстырылып, жалпы біздің салаға қатысты жаңалықтар да осы күні кеңінен сөз болады. Одан соң, оқу- жаттығу полигонына барып, жаттығу жасаймыз,- дейді телім бастығы Самат Нұрғалиұлы.   Станциялардағы халыққа электр энергиясын тарататын 100 км желінің ағаш бағаналары 1964 жылғы салынған. Елу жылдан асса да ескіргендері жаңаланып, бірқатары әлі жарамды сапта.  Диспетчерлік орталықтандырылған желідегі бетон бағаналардың негізі 1985 жылы қаланған. Күтімі жақсы болғандықтан  сыр бере қоймаған. Күншағыр – Отырабаттың ортасын көктемде су басып, күзге дейін жатады. Түркістан – Шәуілдір автожолын су басып қалады. Бірақ рельс биікте орналасқандықтан, су теміржолдың екі жағасын алып тұрады. Мұндағы қауіп – судың кабельдерге кетіп қалуы. Электр мамандары «үйрек ұшып, қаз қонып» жатқан шағын көлшікте қайықпен жүріп, әр бағананы тексереді. Ал олардың түбіне судың қаншалықты кеткенін анықтау да оңай емес.      Түркістанда ғана емес, жалпы аймақта техникалардың дені ескірген. Сондықтан кейде бардан жоқ жасап, ескіні жамап-жасқап іске асырып отырған  электр мамандары «кәрілік жетіп, қуаты кеткен» техникалар сыр бермесе,  таңның атысы мен күннің батысы жер мен көктің арасында жүріп қауіпсіздікке сын келтірмейтіндеріне кепілдік береді.     

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент 

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі