ҚТЖ топ-менеджерлері «ӘТЖК 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды

Жаңалықтар
22.12.2021, 10:38
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

9 желтоқсан – әскерилендірілген темір жол күзетінің құрылған күні. Биыл күзет қызметі жүз жылдығын атап өтуде. Айтулы датаға орай жер-жерде салтанатты шаралар өтіп, филиал қызметкерлерінің ерен еңбегі лайықты бағасын алуда. Жуырда «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС бас директоры Бауыржан Наханов «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппараты мен еншілес ұйымдарының бірқатар топ-менеджерлерін «ӘТЖК 100 жыл» төсбелгісімен марапаттады. Құрылымның ғасырлық мерейтойына арналған бұл төсбелгі 2021 жылдың 15 қарашасында «ӘТЖК» ЖШС №37-п бұйрығымен бекітілген. «Әскерилендірілген темір жол күзеті – теміржол саласының бір бөлшегі. Жылдың төрт мезгілінде ауа-райының түрлі жағдайларына қарамастан, күн-түн демей теміржолдың игілігі үшін жұмыс істеп жүрген үлкен құрылым. Қазақстан аумағы арқылы өтетін барлық транзиттік жүк пойыздарын, контейнерлерді күзетіп, ондағы жүктерді шашау шығармай тиісті нүктесіне жеткізетін күзет қызметінің барлық сарбаздарын төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз», – деп ақжарма тілегін білдірді марапаттаушылар атынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қауіпсіздік департаментінің директоры Марат Шакенов.  

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді