Көліктелеком қызмет аясын кеңейтуде
Жаңалықтар
24.01.2017, 14:13
Жыл өткен сайын қызмет көрсету сапасы, соған сай қуаттылығы да артып келе жатқан «Транстелеком» АҚ еліміздегі ірі операторлардың бірі.
«Транстелеком» АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалы өткен жылы 800-ден астам телефон орнатып, 900 абонентті кең жолақты интернет желісіне қосты. «Ақтөбетранстелеком» филиалының былтырғы табысы алдыңғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға артты, ал интернет желісіне қосу қызметі 50 пайызға көбейді. Бөгде клиенттерден келетін кіріс желтоқсан айында жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 40 пайызға артты. Бұл өз кезегінде компанияның табыстылығын көрсетіп отыр.
Тек соңғы бір жылдың өзінде «Ақтөбетранстелеком» компаниясы Талғат Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты мен Хлебодаровка ауылындағы әуежайға, сонымен бірге тағы бірнеше ірі нысандарға қызмет көрсете бастады. Филиал өзге операторлармен тығыз қарым-қатынас орната бастады. Жаңадан бой көтеріп жатқан Батыс-2 ықшам ауданындағы ондаған үйге FTTB технология бойынша интернет желісін жүргізіп берді.
Филиал басшылығының мәліметінше, 2017 жылы «Ақтобетранстелеком» FTTB технологиясы бойынша оптикалық байланысты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына да жүргізіп көрмек. Сонымен бірге, колледждер мен мектептерде, балабақшаларда «Smart Мектеп» бағдарлама қосымшасын енгізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, «Транстелеком» АҚ - көлік саласына телекоммуникациялық қызмет түрлерімен қатар, инфокоммуникациялық қызмет түрлерін де көрсетеді. Негізінен теміржол байланыс жүйесіне техникалық қолдау көрсетіп, модернизациялау жұмыстарына жауап береді. Алматы мен Астана аралығында оптикалық-талшықты байланыс жүргізді, теміржол бойындағы елді мекендерге телефон байланысымен қатар, интернет желісіне қосу жұмыстарын жүзеге асырады.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі