Қайырымдылық марафоны шеңберінде 

Жаңалықтар
31.01.2017, 11:54
Семейлік теміржолшы жастар жылашар іс-шаралар легін қызу қарқынмен бастап кетті. Атап айтсақ, ағымдағы жыл бойы жалғасатын қайырымдылық марафонының алғашқы кезеңін үлкен құлшыныспен қолға алды. Аталмыш акция аясында бөлімшенің жаңа толқыны жергілікті теміржолшылардың мүгедек балаларына көмек жасау мақсатында кең көлемде жәрмеңке өткізді. Жастардың қайырымдылық мақсатындағы қаржы жинау бастамасына бөлімше басшылығы  қолдау білдіріп отыр. Өткен жылы бастау алған бұл жобаға биыл да «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі Ләззат Айтмұханова жетекшілік етті. Өткен аптаның бейсенбі, жұма күндері таңертеңгілік мезгілде бөлімшенің бірінші қабатындағы кең фойеде тағам өнімдерінің қызу қарқынды жәрмеңкесі өтті. Әріптестеріне ұсынылатын ас-ауқаттың барлығын теміржолшы қыздар өздері пісірген. Жігіттер де атсалысып, қайырымдылық жәрмеңкесіне арнап  жұбайларына тәтті-дәмділер әзірлетіпті. Сол себепті, бұл күндері бөлімше қызметкерлері бір ауыздан түскі асқа асханаға бармай, жастар жәрмеңкесінен тағам сатып алып, өзіндік үлес қосуды ұйғарды. Теміржолшылар жастардың үйден әзірлеп әкелген кондитерлік өнімдері мен ыстық самса, бәліш, бауырсақ пен тоқаштың сан алуан түрі, тәтті құймақ пен торт, бисквит сынды өнімдерін дем сәтте сатып алып, тіпті, көпшілігіне жетпей де қалды. Нәтижесінде екі күнде өткізілген шара барысында жастардың қайырымдылық мақсатында ашқан бюджетіне 57 мың 18 теңге көлеміндегі қаржы түсіпті. Ал бұл соманы қандай мұқтаж жандарға беру керектігі жөніндегі мәселе алдағы уақытта өтетін жастар кеңесінің басқосуында талқыға түсетін болады. Тиімділігі мол мұндай қайырымдылық мақсатындағы жәрмеңкелерді алдағы жаз бен күзде де өткізу жоспарлануда.  

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі