Маңғыстаулық теміржолшылар қайта екпе салдыруға құлықсыз болып отыр

Жаңалықтар
25.02.2022, 13:32
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметі бойынша жыл басынан бері Маңғыстау станциясындағы темір жол мекемелері жұмысшылары арасында коронавирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелген.

Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аталған адамдардың COVID-19 індетіне қарсы екпе алмағаны анықталған. Санитарлық дәрігерлер дерегіне сүйенсек, өңірдегі теміржол мекемелеріндегі ревакцинация деңгейі 1-3 пайыз аралығында. Ал вакцинация бойынша Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде коронавирусқа қарсы екпенің бірінші дозасын алғандар – 80 пайыз, екінші дозасын алғандар 59 пайызды құрайды екен. Маңғыстау қосалқы бөлімінде бұл 67 және 61 пайыз. «Вагон-Сервис» АҚ Маңғыстау телімі бойынша 74 және 68 пайызды құраған.

– Көріп отырғанымыздай, вакцинациялау және ревакцинациялаумен қамту деңгейі төмен. Қазір барлық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде ревакцинациялау жүріп жатыр. Оны алу үшін тіркеуде тұрған медициналық ұйымға немесе жұмыс істейтін аумақтағы медициналық ұйымға баруға болады. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген абзал. Сондықтан көп салалы теміржол қызметкерлерін ревакцинация алуда белсенділік танытуға шақырамыз. Ұжымдық иммунитеттің қазіргі денгейін сақтау үшін ревакцинациялау деңгейін көтеру қажет! Бұл – бүгінгі таңда коронавирус инфекциясының негізгі профилактикалық шарасы, – деген Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Жұмағаным Кенжалиеваның айтуынша, бүгінде елімізде 2,4 млн адам ревакцинация жасатқан. Бұл егілуге тиісті контингенттің 52,6 пайызын құрайды екен.


Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті