265 қандас Түркіменстаннан тарихи отанына оралды

Жаңалықтар
01.03.2022, 13:00
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Он шақты жыл бұрын салынған «Өзен-Түркіменстан» теміржолы бүгінде шеттегі қандастарымыз үшін тарихи отандарына ашылған алтын қақпаға айналғандай. Өткен жылдан бері осымен төртінші көш – темір жол көлігімен алыстағы ағайынның кезекті легі елге жеткізілді.

23 ақпан күні Түркіменстан теміржолына қарасты 16 вагоннан тұратын жолаушы пойызымен 265 адам елге оралды. Шекарадағы Болашақ станциясына аялдаған жолаушы пойызы қажетті тексерістен өтті. Станция басшысы Мақсат Нұрбеков бастаған арнайы мекеме өкілдері пойызды қарсы алып, жолаушылардың өтініш-тілегіне орай қызмет көрсетті.

– Түркіменстандық қоныс аударушылар- ды алып келген №8801 жолаушы пойызы Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 18:41-де екінші жолға келіп тоқтады. Станциядағы технологиялық жұмыс процесі бойынша мұқият тексеріліп, үш сағаттан аса аялдады. Жолаушылардың тілек-талабын қанағат- тандырып, қажет нәрселермен қамтамасыз еттік. 21:48-де пойыз Өзен станциясына жөнелтілді. Құрамда 14 жолаушы вагоны, 1 жүк вагоны, 1 дизель генератор вагоны болды. Өткен жылы да үш рет осылай қандастарымызды күтіп алып, ақпан, мамыр, шілде айларында 150-160 адам елімізге қоныс аударған болатын. Бұл жолы вагонның да, жолаушының да саны әлдеқайда көп, – дейді Болашақ станциясының бастығы.

Қандастар мінген пойызды Өзен станциясында да жергілікті станция басшылығы мен Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары бастаған топ күтіп алды. Сонымен қатар, оларды қарсы алуға келген туған-туыстарының да қарасы мол болды. Алыстан ата мекенді аңсап жеткен қандастарды құшақ жая қарсы алып, ағайын-туыстар шұрқыраса табысып жатты. Соның ішінде осы қалада тұратын ұлына келе жатқан Ақбибі Садықова мен оның ұлы Ұланбек Садықов та бір топ туыстарымен қауышып, мәре-сәре.

«Қанша уақыттан бері аңсаған арманымыз бүгін орындалып, қуанышымызда шек жоқ. Осындай мүмкіндік жасап отырғандарға алғысымыз шексіз» деді көзіне жас алған Ақбибі апа. Көрші елдің вагондарына жергілікті вагон қараушылар қажетті техникалық қызмет көрсетіп, машинистер бригадасы ауысып, маневр жасалып, түнгі 01:13-те қайта жолға салды. – Қоныс аударушылардың дені – Маңғыстауға орналасушылар. Ішінде тек сегіз адам өзге облыстарға кететіндер. Нұр-Сұлтан қаласына, Ақтөбеге бір-бір отбасы, Шымкентке төртеуі орналаспақ. Екі отбасы Алматыға кетуді жоспарлаған. Бәрін де жақындары қарсы алып, үйлеріне алып кетті. Тәртіп бұзушылықтар, басқа да деректер тіркелген жоқ, – дейді Маңғыстау станциясындағы ЖПП көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Еркінбек Болтеков.


Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті