Қытай-Литва-Еуропа жүк пойызына нәзік жанды қазақ теміржолшысының есімі берілген

Жаңалықтар
04.03.2022, 10:55
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Құрметті теміржолшы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС пойыздар қозғалысы кестесін жасау департаментінің бас менеджері Сәуле Қалтаева – теміржол көлігіндегі сирек мамандық иесі. Теміржолдың техникалық талдауын жүргізуші – графистер әрбір пойыздың рейске қашан шығатынын, қандай жылдамдықпен жүріп, қайда аялдайтынына дейін шешеді.

Сәуле Қалтаева теміржолға кездейсоқ келген жан емес, атасынан басталған әулеттің теміржолдағы еңбек жолын ата-анасы жалғастырып, эстафетаны үшінші буын өкілі өзі қабылдап алғалы да 37 жыл өтіпті. Алматы теміржол көлігі институтында «Тасымалды ұйымдастыру және теміржол көлігінде қозғалысты басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Еңбек жолын Целиноград станциясында бастап, Қарағанды жол бөлімшесінде станция кезекшісі, пойыз диспетчері, жедел-реттеу бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Әрі қарай еңбек жолын Ақмола жол бөлімшесінде жалғастырды.

– Бұрын пойыздар кестесін үлкен ватман қағазға қарындашпен жасайтын едік. Қазір барлығы «Графистің автоматтандырылған жұмыс орны» арнайы бағдарламасы арқылы жасалады, – дейді ол.

Графистердің мойнына үлкен жауапкершілік жүктелген. Білім мен шыдамдылықты, мұқият болуды талап ететін қажырлы жұмыс. Пойыздар қозғалысының кестесі жыл сайын жасалады және күрделі пазл сияқты құрастырылады. Сәуле Маратқызының компания бойынша «тар» тұстары бар жалқы жолды телімдердің дамуына қосқан үлесі зор.

Сәуле Бурабай курорты станциясында жолаушыларды отырғызу платформаларын жаңғыртуға бастамашы болды. Сонымен қатар Қарағанды-Жолаушылар станциясында вокзалдан перрон арқылы пойыздарға қарай шығу және керісінше вокзалға кіру кезінде жолаушылардың қауіпсіз және жайлы өтуіне арналған конкорсты өтпе жолдарын (эскалатор) салуды да ұсынды.

Салаға сіңірген адал еңбегі мен сапалы қызметі үшін ол «Құрметті теміржолшы» атағына ие болып, компания басшылығы атынан бірнеше рет Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды. 2020 жылы пандемия басталған кезеңде көрші елдер азаматтарын өткізудегі ұйымдастырушылық жұмыстары үшін оны Өзбекстан үкіметі Алғыс хатпен марапаттады.

2012 жылы Литва темір жолы оның құрметіне Қазақстан арқылы Қытай-Литва-Еуропа елдері бағдары бойынша жүретін контейнерлік пойызға «Сәуле» деген атау берді.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық