Оңтүстік пен солтүстік арасына тікелей темір жол салу мәселесі көтерілді

Жаңалықтар
09.03.2022, 08:49
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

  Осы аптада Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар еліміздің оңтүстігі мен солтүстік өңірлерінің арасын жалғайтын теміржол көлігіне қатысты мәселені көтерді. «Серпін» бағдарламасының тиімділігі үшін жаңа пойыз бағдарларын ашу ұсынылды.

  Осы орайда Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына сауал жолдаған депутат Фахриддин Қаратаев:

«Біздің депутаттық сауалымызға 2014 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасын іске асыру мақсатында халықтың оңтүстік өңірінен жұмыс күші тапшы солтүстік өңіріне қоныс аудару кезінде тікелей темір жол бағдарының болмауына байланысты қатынау, көші-қон күрделі мәселе болып отыр. Атап айтсақ, атажұртқа оралған қандастар көшін солтүстікке бұру, еліміздегі жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындары үшін ерікті қоныс аудару, «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерінің жастарын оқуға жіберу сынды игі істер атқарылуда. Бұл бағдарлама өңірлердің ынтымақтастығын, олардың тұрғындарының өзара қарым-қатынасын күшейтіп, тұтастай алғанда, халқымыздың бірлігін нығайтуға да оң ықпалын тигізіп отырғандығы анық», – деді.

Депутат қазақстандықтардың басым бөлігі теміржол тасымалы қызметін пайдаланатынын еске салды. «Оның себебі пойыз қауіпсіз көлік екендігіне, маршруты мен жүріп-тұру кестесінің ыңғайлылығына және билет құнының қолжетімділігіне байланысты.

Дегенмен де, шешімін таппай отырған мәселе – ол солтүстіктегі Қостанай, Павлодар өңіріне қоныс аударып жатқан халықтың қатынауы өте қиын. Әсіресе көшкен жастардың ата-аналары, қарттары, балаларымен, жүктерімен жүру қиынға соғуда. Мысалы, халық Түркістан облысынан Қостанай аумағына дейін қатынау үшін Алматы, Қарағанды немесе Нұр-Сұлтан қалалары арқылы пойыздардың уақыттары бір-біріне сәйкес келмей жарты күн, кейде бір күн күтуге тура келеді. Тіпті кейбірі такси жалдап баруға мәжбүр, бұл өте өзекті және кезек күттірмес үлкен мәселеге айналып отыр», – деген депутат жоғарыдағы жағдайларды ескере отырып, «Серпін» бағдарламасының тиімділігін арттыру мақсатында «Қызылорда-Түркістан-Шымкент-Жамбыл-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызының ашылуына ықпал етуді сұрайтынын жеткізді.

Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы