Темір жолда әйелдер бар! Жүріп бара жатқан пойыздарды тоқтатып, пандемияда маскалар тігетін…

Жаңалықтар
05.03.2022, 14:49
Қазақстан теміржолшысы

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС көп балалы әйелдер мен қамқоршыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

8 Наурыз мерекесі қарсаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да таңдаған ісіне адал, еңбегімен ерекшеленген теміржолшылармен кездесу болып өтті. Адамзаттың әдемі жартысының өкілдерінің отбасыларында алты немесе одан да көп бала өсіп келеді. Олардың кейбіреулері жетім балаларды қамқорлығына да алған.


Мерекелік іс-шара барысында үй ошағының түтінің түтетіп отырған, үлгілі жар мен керемет ана бола отырып, өз міндеттерін табысты орындаған 25 қызметкер марапатталды, 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Владимир Петров әйелдерге жоғары кәсібилігі мен еңбекқорлығы, оптимизмі мен өз ісіне адалдығы үшін алғыс білдірді.

Әйелдердің күнделікті және қарапайым түрде жасаған  жетістіктері мен  ерліктерімен танысқаннан кейін, атақты Некрасовтың жолдарын   «Теміржолда әйелдер бар! Жүріп бара жатқан пойыздарды тоқтатып, пандемияда маскалар тігетін...», деп өзгерткін-ақ келеді.

Мысалы, әдемі және сымбатты Ұлбосын Саулебаева ... доңғалақ жұптарының ұшқындағанын анықтап, екі жүк пойызын уақытында тоқтатты! Осылайша, Қостанай ЖТ бөлімшесінің Баталы станциясы бойынша кезекші болып жұмыс істейтін сұлу ханым темір жолда болуы мүмкін ауыр зардаптардың алдын алып, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды. Қырағылығы үшін ол лайықты марапатқа ие болды.

Адамзаттың әдемі жартысының өкілдері коронавирустық пандемия өршіп тұрған шақта да рухтарын қайрай білді. Мәселен, Павлодар ЖТ бөлімшесінің инженер-технологы, «Шабыт қайнары» құрақ тігу, қолөнер шеберлері, қолөнер орталығының жетекшісі Уасиля Нұрмұханбетова әріптестеріне көп рет қолданылатын маскаларды тігуді ұйымдастырды.

Әр түрлі штаттан тыс жағдайлар орын алатын, пойыздар кешігіп, жолаушылар наразылығын білдіретін теміржолдағы жұмыс әйелдер үшін емес сияқты. Бірақ бұл олай емес. Теміржолшылар өздерінің кәсіби міндеттерін орындай жүріп, әйелдің басты миссиясын да ұмытпайды. Атап айтқанда, біреудің адал жары мен анасы, отбасы мен жақындары үшін шабыт пен оптимизм көзі де. Оған мысал ретінде Ақмола ЖТ бөлімшесінің орталықтандырылған өзара есеп айырысу бөлімі бастығының орынбасары Жібек Ермаханбетованың 9 баланың анасы екендігі өзгелерге үлгі бола алады. Ол «Алтын алқа» иегері.

Алғыс сөздер «Күміс алқа» иегерлері Сексеуіл станциясының тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторлары Құралай Әлбиева мен Нұр-Сұлтан станциясының жетекші инженер-технологы Гүлсай Бегежановаға және бухгалтерлік есеп департаментінің менеджері Гауһар Байдуллинаның атына айтылды.

Теміржолшылар қиындықтарға қарамастан, тағы да балалардың жүрегін жылытады... Олар балалардың қамқоршысы және тәлімгері болуда! Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің менеджері Светлана Сыдықованың, жүктермен коммерциялық жұмыс департаментінің бас менеджері Әлия Медебаеваның және мүліктік құқықтарды қорғау департаментінің менеджері Әсел Хайдарованың осындай маңызды таңдауы құрметке ие. Ал Жаңа Есіл локомотив пайдалану депосының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженері Арай Жанатуғанова бірден төрт жетім баланы қамқорлыққа алды.

Сондай - ақ, көпжылғы және жемісті еңбегі үшін департамент менеджерлері: қозғалыс кестесін әзірлеу - Меруерт Қазыбаева, қозғалыс қауіпсіздігі - Сағадат Әбішева, пойыздар қозғалысын басқару - Наталья Гофман, вагон шаруашылығы – Зоя Махметова, Нұр - Сұлтан станциясының персоналы бойынша Рахия Мырзалиева және басқалары атап өтілді.


Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі