Туристік маусымда Алакөлге «Тальго» жүреді

Жаңалықтар
11.03.2022, 10:11
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

  Биылғы туристік маусымда Алакөл бағытына «Тальго» жүрдек пойызы жүреді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен Алматы облысының әкімдігі осындай меморандумға қол қойды.

Сонымен бірге демалыс орнына жолаушы тасымалдайтын барлық пойыздардың жайлы болуына, сапалық деңгейін арттыруға назар аударылады. Мәселен, «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның барлық вагондары желдетудің заманауи жаңа жүйесімен қамтамасыз етілмек. Талдықорғандағы кездесу барысында Қанат Бозымбаев пен Нұрлан Сауранбаев инфрақұрылым мен транзиттік әлеуетті дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Достық-Мойынты учаскесіндегі екінші жолдың және Алматы темір жол торабын айналып өтетін Жетіген-Қазыбек бек айналма желісінің құрылысын жүргізу мәселелері де сөз болды. Инфрақұрылым жобалары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілген. Учаскелердің өткізу қабілетін арттырумен қатар жобалар мультипликативті нәтиже береді, сондай-ақ Алматы облысының экономикасына да оң ықпал етеді. Құрылыс барысында  өңірдегі өндірушілердің құрылыс материалдарын пайдаланып, жергілікті мамандарды тарту жоспарланып отыр. Жалпы 3500 адамға жұмыс беріледі.

Кездесуге қатысушылар Алакөлге жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға ерекше назар аударды. Індет жағдайына қарамастан 2019-2021 жылдар аралығында курорттық аймақтарға барған жолаушылар легі 264% артқан. Өткен жылғы 11 жазғы маршрутты (8 – «Жолаушылар тасымалы» АҚ, 3 – жеке тасымалдаушылар) сақтай отырып, 240 мыңдай жолаушы тасымалдау жоспарланған. Бұл ретте ұсынылған орындардың жалпы саны 340 мыңнан асады.

Сондай-ақ бұл бағытқа енді «Тальго» жүрдек пойызын шығарып, күнара жүргізу жоспарланып отыр. Жолаушыларға жайлы, билет бағасы қолжетімді вагондар жүргізу үшін облыс әкімдігі тарапынан субсидиялау мәселесін шешу қажет.

Вагондарда кондиционер мен ыстық су жоқ, басқа да жағдайлар жасалмаған деген жолаушылардың шағымдарына байланысты облыс әкімі Қанат Бозымбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерімен бірлесіп жеке тасымалдаушы компаниялардың вагондарын аттестациялауды ұсынды. Енді әрбір тасымалдаушы пойыздарының жайлы болуына назар аударуы тиіс. Бұл ретте сұранысқа сәйкес купе типті вагондар саны ұлғайтылады. ҚТЖ күшімен Ақши, Көктұма, Жалаңашкөл станцияларында жолаушылар платформасы ұзартылып, қорғаныс қалқандары орнатылды. Жиында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Достық станциясындағы корпоративтік тұрғын үйлерін жекеменшікке беру және инфрақұрылымын жергілікті атқарушы органның балансына өткізу туралы мәселе де қозғалды.

Көтерілген мәселелер бойынша кездесу соңында Алматы облысы әкімдігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжатта темір жол инфрақұрылымы жобаларын іске асыру, аймақтағы жүк тасымалы көлемін ұлғайту, Алакөл көлінің туристік әлеуетін арттыру мәселелері қамтылған.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық