Тексеру талапқа сай
Жаңалықтар
03.02.2017, 11:04
Маңғыстау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Маңғышлақ станциясындағы дүкендер мен асханалардың, жолаушылар пойыздары мен ұшақтардың, вагон мейрамханаларының тазалықтары мен медициналық талаптарын, тағам мәзірлерін тексереді.
Дәл қазір мекемеде жоспардан тыс тексерістер жүруде. Жоспарлы тексерістің ақпан айынан басталатындығын айтқан бас маман Гүлмира Аюпова өткен жылдың жоспарында ерекше тәртіппен 37 нысан тексерілгенін мәлімдеді. Тексеріс барысында 19 бұзушылық анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, 699930 теңге көлемінде айыппұл салынған. ҚР халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде мекеме басшыларына 25 нұсқама беріліп, 3 адам кезекті медициналық байқаудан өтпегендіктен жұмыстан шеттетілген. Сонымен қатар, 8 жолаушылар вагондарының су сынамасы санитарлық – микробиологиялық зерттеу нәтижесі бойынша санитарлық ереженің талаптарына сай келмеуіне байланысты нысандардың жұмысын тоқтату туралы 4 қаулы шығарылып, сотқа талап-арыз беріліпті.
─ 2016 жылы жоспардан тыс 8 тексеріс жүргізілді. Оның ішінде санитарлық ұйғарымның орындалысы бойынша 3 тексеру, 2 тексеріс эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, 3 тексеріс Маңғыстау көлік прокуратурасының талаптары бойынша жүргізіліп, қорытындысында Маңғыстау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде 615 090 теңге көлемінде 22 айыппұл салынды, - дейді Гүлмира Аюпова.
Бас маманның айтуынша, өткен жылы теміржол көлігінде 2 туберкулез ауруы тіркелген екен (2015 жылы 1 жағдай). Тіркелген ауруларды науқастың тұрған жеріне қарай аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармалары есепке алған. Сондай-ақ, теміржол және әуе жолындағы мекемелермен 12 семинар-кеңес өткізіліп, газет беттерінде «Қауіпті кесел», «Өз құқықтарыңызды білесіз бе?», «Тұтынушы құқықтарын қорғау туралы не түсінесіз?» сияқты мақалалар жарияланып, жолаушыларға «Тұмаудан сақтаныңыз!» т.т. қауіптің алдын алу және сақтандыру буклеттері таратылған.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі