«Транскаспий халықаралық көлік бағдары» қауымдастығына қатысушы Қазақстан, Грузия, Әзербайжан және Түркия темір жолдары арасында «Middle Corridor» бірлескен кәсіпорнын құру жоспарлануда.

Қауымдастықтың бас хатшысы Гайдар Абдикаримов бірлескен кәсіпорынның ресми түрде құрылып жатқанын растап отыр.

«Бірақ оны ең болмағанда жылдың соңына дейін күту керек. Дегенмен, компания ресми түрде 2023 жылдың басында немесе ортасында тіркелуі мүмкін», – дейді ол.

Бірлескен кәсіпорынның мақсаты – Middle Corridor бағасын арттыру, өйткені ол «қайта тиеу процестерін жеңілдетіп, әртүрлі елдер арқылы өтетін жолдар мен өткелдерді мейлінше жатық әрі ыңғайлы етіп отыр.

Еске сала кетсек, үстіміздегі жылдың 31 наурызында төрт мемлекет – Грузия, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан «Транскаспийлік Шығыс-Батыс дәлізі туралы» төртжақты декларацияға қол қойған болатын. Құжатта декларацияға қатысушы мемлекеттердің транзиттік әлеуетін күшейту шаралары көрсетілген.