Мәжілісмендер – теміржолшылар арасында

Жаңалықтар
07.02.2017, 12:44
Төрт жүзден астам қызылордалық теміржолшылар  Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті.  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абзал Ералиев, Майра Айсина, Мансұрхан Махамбетов, Асылбек Смағұлов және Наталья Жұмаділдаевалар  елімізде қолға алынған бағдарламалар мен Елбасының жаңа асуларды бағындыруға басымдық беретін жаңа Жолдауына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиында халық қалаулары Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу жөнінде көпшілік сауалдарына жауап беріп, еліміздің жарқын болашағы үшін жауапкершілікпен атқаратын мақсат, міндеттерді жұмыла атқаруға шақырды. Келелі кездесуде үш тілділік мәселесіне қатысты және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында теміржолшылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарына да тұщымды жауаптар алды . Сыр елінің теміржолшылары атынан келелі кездесу үшін  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Қызылорда бөлімшесі филиалының» директоры, облыстық мәслихат депутаты, партияның «Теміржол» филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаев халық қалаулыларына алғыс білдірді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

  Жамбыл өңіріне іс сапармен келген ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова Жамбыл локомотив пайдалану депосында болып, жұмысшылармен кездесті. Теміржолшылар алдында сөз алған Жанат Әнуарбекқызы бүгінгі күні қызу талқыланып отырған Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауы төңірегінде ой қозғады. –Елбасы қазақстандықтардың әлеуетін көтеруді, еліміздің даму даңғылында нақты бағыттарды айқындап берді. Естеріңізде болар, Елбасы өз Жолдауын жариялаған күні әр қазақстандықтың қолында үш кілт болуы керек деді. Үйінің, кеңсесінің және көлігінің кілті қолында бар азаматтың әлеуметтік жағдайы төмен деп кім айта алады. Жолдаумен мұқият танысатын болсаңыздар, Сіздердің салаларыңа да қатысты тың мәселелер көтеріліп отыр. Елімізде көліктік-логистикалық кешеннің дамуы жаңа бағытта өркен жаятын болады, – деген Жанат Омарбекова теміржолшылардың көптеген сауалдарына жауап берді.  Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалуы барысында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай есеп беріп, бүгінгі күні облыс орталығында 46 мыңға жуық азаматтың жер кезегінде тұрғандығын алға тартып, алдағы жылдары инфроқұрылымдар толық тартылып біткен соң бұл мәселе де өз шешімін ретімен табатындығын айтып өтті. Ал биылғы жылы 1 600 азаматқа жер телімі беріледі екен.

Ерман ӘБДИЕВ, Тараз

Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды