Байқау жеңімпаздары марапатталды

Жаңалықтар
04.05.2022, 12:10

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «ЖТ Жамбыл бөлімшесінде» Бүкіләлемдік Еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығарылып, арнайы жиын өтті. Жиынды бөлімше директорының орынбасары Дүйсен Сыздықов ашып, жүргізіп отырды. Шараға Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің өкілдері де қатысты.

Дүйсен Сыздықовтың айтуынша 2016 жылы бөлімше Жүк тасымалы бөлімшесі болып қайта жасақталған мерзімнен бергі аралықта 7 оқиға орын алып, 8 қызметкер өндірістік жарақат алған. Олардың еңбек жарамсыздығы 349 күнді құраған. Оқиғаның бірі қайғылы сипат алып, жұмышсы мерт болса, екіншісі – қызметкердің мүгедек болып қалуымен аяқталған. Осы мерзім аралығында ол азаматтарға 15 562 мың теңге төленген.

-  Дегенмен, 2017 жылы өндірісте азаматтардың мерт болуы, 2018 жылы мүгедектік алу, ал 2019-2021 жылдар аралығында ешқандай қайғылы оқиға орын алған жоқ. Сондықтан, соңғы бес жылда өндірістік жарақат алу жағдайының төмендеуіне байланысты Жүк тасымал бөлімшесінің басшылығымен өндірістік қауіпсіздік қызметінің мамандарын марапаттау шешімі қабылданды, - дейді Дүйсен Сыздықов.

Сондай-ақ, жиында Жамбыл облысы бойынша «Медикер – өндірістік медицина» ЖШС үйлстірушісі Р.Қарақұлова жүрек-қан тамыры ауруы бүгінгі заманның эпидемиясы екендігін алға тартып, «Саламаттылыққа қарай 100 қадам» корпоративтік сауықтыру бағдарламасы жайында айтып өті.

Жиын соңында мұның алдында Бүкіләлемдік Еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды. Атап айтқанда өндірістік жарақат алудың нөлдік деңгейіне жету бойынша үздік ұсыныс жасаған Тараз станциясының ұжымы мен бас инженері Ерсін Аманкелдіұлы марапатталды. Ал, «Үздік еңбекті қорғау кабинеті» аталымы бойынша ТЧЭ-30 ұжымы мен экология және өндірістік қауіпсіздік секторының басшысы Равилия Гиллязитдинова жүлделі орыннан көрінді. «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» аталымы бойынша Түріксіб станциясының ұжымы мен станция бастығының логистика бойынша орынбасары Ердәулет Түлеков марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік бейненұсқау» аталымында ВЧДЭ-27 ұжымы мен экология және өндрістік қауіпсіздік секторының меңгерушісі Константин Кучанов үздік шықты. «Үздік еңбекті қорғау бұрышы» аталымында ТЧЭ-31 кәсіпорны ұжымы мен экология және өндрістік қауіпсіздік секторының меңгерушісі Айман Батырбекова жүлде алды. Сонымен қатар, еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жұмысын жүйелі ұйымдастыра біліп, үздік шыққан теміржолшылар Ерсін Шардарбеков, Ердәулет Түлеков, Еркін Тұрысмағанбетов «Amanat»  партиясы облыстық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті