Үнемшілдігімен үлгі болған  машинистер

Жаңалықтар
10.02.2017, 10:41
Темір жолдағы нөмірі бірінші мамандық – ол жылжымалы құрамды алға сүйрейтін локомотив тізгіндеген машинистер. «Машинист» мамандарын білім, білігі бойынша төмен, жоғары деп бөле алмайсың. Өйткені, мыңдаған жолаушылар мен миллиондаған тонна жүктерді тасымалдау жауапкершілігі артылған машинистің бәрі – қауіпсіздікке жауапты бірінші тұлға. Локомотив тізгіндеудегі жауапкершілігі мен кәсібилігінен бөлек, үнемділік мәселесін бірінші орынға қойып, жанар-жағар май мен отын үнемдеуде өзгелерге үлгі болып жүрген машинистер жайлы айтпай кету мүмкін емес. Жуырда Орал локомотив пайдалану депосында өз жұмысында кәсібилікпен қатар үнемшілдікті арқау еткен бірнеше машинисті марапаттау рәсімі өтті. Жалпы, бұл депоның машинистері дизельді отынды үнемдеуде жыл сайын жақсы жетістіктерге жетіп келеді, биыл мысалы, 23351 тонна отын үнемдеген. Оған өз үлесін ең аз дегенде 13 машинист қосқан екен, олардың әрқайсысы 100 тоннадан бастап бірнеше мың тоннаға дейінгі көлемде отынды үнемдеуге атсалысқан. Соның ішінде ең жоғары жетістікке қол жеткізген жолаушылар қозғалысы бойынша 1 класты машинист Дмитрий Порошин 4 728 тонна отын үнемдесе, жүк қозғалысынан машинист Руслан Құрманов 3146 тонна және Виктор Деревянченко 397 тонна, жас машинист Қанат Мырзахметов 2533 тонна отынды ысырапшылдықтан сақтаған. –Дизельді отынды үнемдей білу көптеген факторларға тәуелді, соның ішінде локомотивтің техникалық жағдайына, құрамды құруды дұрыс ұйымдастыруға, ауа-райына және локомотив бригадаларының пойызды қалай жүргізуіне байланысты болады. Әрине, барлық уақытта үнемдей беру мүмкін емес. Кейде артығымен жағып жіберуің де мүмкін. Сондықтан, бұл жерде үнем мәселесі машинаның жүрісіне де байланысты болмақ,– дейді машинист Қанат Мырзахметов. Ал Руслан Құрмановтың айтуынша, жолдың пішінін жақсы білетін машинист пойыз инерциясын тиімді пайдалана білу арқылы үнемге қол жеткізе алады. Орал темір жол телімінде жолдың пішіні сынық, еңістері көп. Ұзаққа созылатын дөңді телімдердің бірі,  шекаралық «Семиглавый Мар» станциясы аумағында жатыр. Ауыр салмақты пойыздармен ол жерде жүру қиын. МК сериялы тепловоздарда осы модель үшін сәйкес келмейтін салмақпен, 3800 тонна жүкпен жүріп, сол жерде еңістен көтерілу тек 25-30 км/сағ жылдамдықпен ғана мүмкін болады. Осындай жылдамдықтардың кесірінен отын да, уақыт да көп кетеді. Алайда, бұл жерде тепловоз жылдамдығының төмендеуіне машинисті кіналай алмаймыз, таулы жерден көтерілу темір тұлпарға қиын. Ал жүк аз, қарсы беттен баяу жел соғып тұрса және басқа тепловоздармен үнемдеу мәселесі мүлде басқаша шешіледі екен. Орал локомотив пайдалану депосының директоры Мерей Бисембаевтың айтуынша, темір тұлпарды тізгіндеу біліктілігі бар барлық машинистің қолынан келеді, ал осындай үнемдеуге қол жеткізу арқылы олар өздерінің нағыз кәсіби маман екендіктерін дәлелдей түседі. Көбінесе, үнемдеу ісіне үлес қосқандар еңбегі үнемі еленбей қалып жатады. Сондықтан депоның кәсіподақ комитетінің төрағасы Ербол Меңлібаевтың бастамасымен жалпы жиналыста үнемдеуден ұтқан  машинистерді марапаттау мәселесі Орал депосында соңғы жылдары дәстүрге айналып келе жатқаны құптарлық іс. Бұл жолы да үнемшілдігімен үлгі болған  бір топ машинистер марапатталып, сый-сыяпатқа ие болды. 

Юлия НИКИТИНА,

Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген Ю. Никитина

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі