ҚТЖ басшысы Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

07.05.2022, 07:40

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын! Майданда да, тылда да жауға қарсы жанқиярлықпен шайқасқан қаһармандардың жеңіс туы мәңгі желбіреп, еліміздің тұтастығы мен тыныштығын қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! 

Екінші дүниежүзілік соғыста біздің даңқты бабаларымыз аласұрған дұшпанға тойтарыс беріп, астаң-кестеңі шыққан жарты әлемді аман сақтау үшін аянып қалмады. Ерен ерліктің, еңселі елдіктің рухын танытты. Сондықтан да бұл күн жадымызда халқымыздың қайсарлығы мен мұқалмас мінезінің айқын көрінісі ретінде сақталады. Біз кейінгі ұрпақ соғыстан оралмаған жауынгерлердің рұхына тағзым етеміз, арамызда аман жүрген ардагерлерге қарап бой түзейміз. Мұндай соғыс енді ешқашан болмасын деп тілейміз. Соғыс көрген ер тілегі, бейбіт замандағы ел тілегі осы. 

Сол зұлмат жылдардың куәсі болған 2 908 теміржолшы бүгінде арамызда жүр. Оның 22-сі соғыс ардагері, 5-і жол қатынастары жөніндегі халық комиссариатының өкілі, 2881-і тыл – мылтықсыз майдан жауынгері. Ел басына күн туғанда қару асынып, сапқа тұрған алдыңғы буын теміржолшылардың азаматтығы, ерлігі – кейінгі толқынға үлгі-өнеге. 

Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсіліп жатқан ұлан-ғайыр жерімізді әр заманда найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батыр бабалар қандай да сый-құрметке лайық. Сол қаһармандардың аманатын арқалаған қазіргі сардарлар мен сарбаздар да даңқты жолды лайықты жалғастырары сөзсіз. Бірі жастық жігерін, бірі саналы ғұмырын әскери салаға арнап, күн-түн демей, ел тыныштығы үшін сапта жүрген жауын- герлеріміздің күш-қайраты сарқылмасын! 

Құрметті жаужүрек, қайсар мінезді азаматтар! Осынау қуанышы мен қайғы- сы қатар жүретін мерекеде баршаңызға тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін тілеймін. Отбасыларыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты болып, жақын адамдарыңыздың ықыласына бөлене беріңіздер. Еңбектеріңіз жемісті де жеңісті болғай! 

Нұрлан САУРАНБАЕВ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті

Басқа да жаңалықтар