Тәжірибе алмасу дәрісі

Жаңалықтар
14.02.2017, 12:15
Машинистер мен вагон қараушылар – темір жол көлігі саласында пойыздар қозғалысына ең жауапты мамандар болып саналады. Сондықтан оларға қойылатын талап та жоғары. Маңғыстау жүк тасымалдау бөлімшесінде локомотив пайдалану депосы мен вагон пайдалану депосы бірлесе әр аптаның екінші және үшінші күндері машинистер мен вагон қараушыларға техникалық сабақ жүргізуді жолға қойған. Жұмыс сапасын арттыру мақсатын көздейтін тәжірибе ауысу дәрісі сейсенбі күні локоматив депосында, сәрсенбіде вагон пайдалану депосында өтеді.     Машинистер мен вагон қараушылардың бұл жолғы басқосуына  жүк вагондарының тіркегіші және оның қалай жұмыс жасауы мен ақаулықтары арқау болды. Онда жуырда Ақтау портында  кездескен және бұдан бірнеше жыл бұрын Маңғыстау станциясынан Болашақ станциясына жол алған вагон тіркегішіне байланысты орын алған жайттар да сөз болды.  –Тепловоздың бірінші вагонмен дұрыс жалғануына машистер, ал өзге вагондар тіркегіштерінің ақаулығына вагон қараушылар жауап береді. Сондықтан тіркегіш мәселесінде олардың білуге тиісті тұстары өте көп,- деп техникалық оқуды бастаған Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы Жұмабек Якупбаев сабақ барысында машинистерден түскен сұрақтарға жауап берді. Мысалы, машинист А.Сүйіновтің «бұрынғы және қазіргі техникалық үдеріс бойынша жолаушылар мен жүк пойыздары қанша минутта қозғалып кетуі  керек, алдыңғы техүдеріске қарағанда қазіргісінде уақыты неге қысқа», деген сауалы бойынша уақыт ерекшеліктерінің себебін асықпай түсіндірді.  –Бұрын кейбір мәселелер туындай қалса машинистке техникалық ескертулер түсетін. Қазір өзіміз бетпе-бет сөйлесіп, ескерту неден болды, соның салдарын іздейміз. Жағдайдың орын алуына негіз болған себептерді талқылап, түсіндіреміз. Жұмыс  өз жемісін беріп те жатыр. Сабақ алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес айына 3 рет вагон депосында, 3 рет локоматив депосында өтеді. Тек теориялық қана емес, практикалық түрінде де жүргіземіз. Тақырыпты ашуға  өз білгендерімізден бөлек, ғаламтор материалдарын, бейнероликтерді, сондай-ақ оқу залындағы көрнекіліктерді қолданамыз. Қалғанын ағыту тұйығынан көрсетеміз,- дейді  дәрісті жүргізуші Жұмабек Якупбаев.

Шахида Жұман,

Маңғыстау

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі