Тасымалдағы түйткілдер ортақ шешімді қажет етеді

Жаңалықтар
17.02.2017, 11:28
Еліміздің батыс өңірінде жүк тасымалы қалай жүзеге асырылады? Осы салада қордаланып қалған қандай мәселелер бар? Жүк тасымалдаумен айналысатын жекеменшік компаниялардың талабы не?  Осы және өзге де сауалдар Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде өткен дөңгелек үстел барысында егжей-тегжей сөз болды.  Шараға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалы жөніндегі атқарушы директоры Сәрсебек Жапаров, Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов, «KTZ Express — KTZE operator» АҚ филиалының директоры Күмісбек Матжанов, сонымен бірге станция басшылары мен жүк тасымалдаумен айналысатын жекеменшік ұсақ компания өкілдері, зауыттар мен өндірістік кәсіпорындардың заңгерлері қатысты. –Осыған дейін үкіметте жүк тасымалына қатысты бірнеше маңызды кездесу болып өтті. Қазақстан ішіндегі кәсіпорындарды вагондармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Бүгінде республикада көптеген алып құрылыстар қолға алынып, қаншама нысандар бой көтеруде. Жолдар төселіп жатыр. Соның бәріне  теміржол тасымалы өз үлесін қосу керек. Бүгін сіздермен бетпе бет кездесіп, бұл бағытта қандай түйткілді мәселелер бар, бірлесіп шешеміз деген үміттеміз, – деді «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалы жөніндегі атқарушы директоры Сәрсебек Жапаров жиналғандарға қарата. Екі сағатқа созылған отырыста өзекті мәселелер аз болған жоқ.  Бүгінгі таңда жүк тасымалдайтын вагондар паркінің тозығы жеткеннен бастап, оны жаңарту және клиенттерге салмақ болмас үшін тасымалдау бағамын неғұрлым бір қалыпта ұстап тұруға талпыныс жасау керектігі,  ол үшін тасымалдау компаниясы бағаны сақтай отырып, жылдамдықты арттыру қажеттілігі, тағы басқа түйткілді мәселелер көтерілді.  Осы жылдың наурыз айынан бастап қалыпты жұмыс істеу үшін осы бастан қамдану керектігі, мүмкіндігінше, қай тасымалдаушыға қанша вагон керектігі жөнінде неғұрлым нақты сандар керектігі де айтылмай қалмады. Тасымалдау бағамына қатысты да сөз болды. Клиенттердің айтуларына қарағанда, соңғы уақытта баға үш рет өскен екен. Дегенмен, оларға басу айтқандар да табылды. Өйткені, Қазақстан нарығында тасымал бағамы көршілес Ресеймен салыстырғанда  арзанға шығатын көрінеді.   Темір жол көлігімен жүк тасымалдауды кәсіп еткен жекеменшік компаниялар өкілдерінің  ҚТЖ өкіліне бұдан да басқа айтары  аз болады. «Сіздер алдағы айларға нақты қанша вагон пайдаланатынымыз жайлы мәліметтер сұратасыздар. Ал, шын мәнінде біздер өз клиенттеріміздің жағдайларына да қарауымыз керек қой. Бірінің тендерде жолы болмайды. Екіншісінде жұмыс көлемі жоқ. Олар өздері білмей отырғанда қай уақытта қанша вагонға тапсырыс жасайтыны туралы біз не айта аламыз? Біз де нақты мәлімет бере алмаймыз. Осы тұрғыда біздің ұсыныс-пікірлерімізді ескерсеңіздер», дейді ұсақ тасымалдаушылар. Тасымалдау компанияларының  өкілдерін келісімшарттағы кейбір жайттар да алаңдатады екен. Мәселен, Алматы, Астана қалаларымен батыс облыстардағы уақыт айырмашылығының өзі экономикалық тұрғыда тиімсіз болса керек. Түзету енгізуде осы жайтты да ескеру жөнінде ұсыныс айтылды. Айта кетейік, бүгінде ел көлемінде вагон паркінде тасымалдауға арналған 18 мыңдай ашық вагон қатынайды екен. Жалпы, парктегі вагон саны 21 мыңға жуықтайды. Ал нақты сұраныс 28 мың вагон төңірегінде. Дефицит шамамен 7 мың бірлікті құрайды. Әрине, бүгінде вагон паркін нығайту керектігі үкіметтік деңгейде сөз болуда. Алайда, ол алдағы күннің еншісінде. Бүгінгі міндет – қолда бар вагон паркін тиімді пайдаланып, ішкі  нарықтың сұранысын толық қанағаттандыруға жағдай жасау.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі