Ауғанстан – жүректегі жарасың...

Жаңалықтар
17.02.2017, 12:40
Мыңдаған жүректерге өшпес жара салып, қаншама қылқын жасты қыршынына қиған Ауған соғысының лаңын  қазақстандықтар естен шығара қойған жоқ. Семей жүк тасымалы бөлімшесінің мәжіліс залында Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға Ауғанстанда борышын өтеген, қазіргі уақытта темір жол саласында еңбек етіп жүрген азаматтар мен жас буын теміржолшылар қатысты. –Тарих бетінде қанды ізін қалдырған ауған соғысы 1979 жылы басталып, сол кездегі саясат он жылға созылған соғысқа кеңес әскерін де қатысуға мәжбүр етті. Ауғанстанда интернационалдық борышын  өтеуге 22 мың отандастарымыз аттанды. Қаншасы қаза тауып, енді бір тобы із-түзсіз жоғалып кетті, тағы бір бөлігі мүгедек атанды. Ал, елге аман оралғандары бейбіт өмір кешіп әр салада, ел игілігі үшін еңбек етуде. Қазіргі уақытта Семей жүк тасымалы бөлімшесінде Ауған соғысының 22 ардагері  жұмыс істейді, - деді жиынды ашқан салалық кәсіподақ ұйымы ораталық Кеңесінің Семей аймағындағы өкілі Алик Досанов. Кездесуде кешегі интернационалист жауынгерлер әскери қақтығыс кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, жас буынның сұрақтарына жауап берді. «Бейбіт заманда бөтен елдің тыныштығы үшін опат болған боздақтарға мәңгі тағзым. Бұл соғыс аналардың көз жасы мен жас сарбаздардың қанымен жазылған. Біз көрген қиындықты көрмеңіздер, Сіздер, жастар, тек өз еліміздің шекарасын қорғаңыздар!», – деген тілегін білдірді Семей қалалық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Боранбай Бегатов сөз соңында.  Шара соңында «Ерлік – ұрпаққа мұра», «Ауғанстан – жүректегі жара», тақырыбында өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды. 

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі