Қардан тазартты

Жаңалықтар
21.02.2017, 11:13
Биылғы маусымның қарлы болуы Сыр теміржолшыларын  жыл басынан бері  қармен күресуге мәжбүрлеуде. Жолшылар мен станциялықтардан бөлек, тек қыз-келіншектер еңбек ететін вокзал қызметкерлері де перрон мен вокзал маңын ақ ұлпадан тазарту жұмысына жұмылған. Бүгінде Ұлттық компания мекемелеріндегі құрылымдық өзгерістерге сай вокзалдардағы қызмет көрсету функциялары Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі әкімшілігіне қараған. Вокзал шаруашылығы жылдың қай мезгілінде болса да, өз кәсіптеріне адалдығын танытуда. Мысалы, бүгін Қызылорда вокзалының ұжымы  сенбілік ұйымдастырып, қолға  күрек саймандарын алып жолаушылар пойызы тоқтайтын басты жол бойының қатқан  қарын тазалап шықты.   –Вокзал маңы мен перрондардың тазалығы бізге сын. Мұнда құрсауланып тапталған қар сүймен көмегімен алынатын халге жеткен және оны тазалау едәуір жұмыс. Ашық тумбалардың бәрі қармен толтырылған. Бүгін сенбілікте жұмыс формамен жүргеніміз – пойыз келерде жан-жаққа тарап, әркім кәсіби міндетін атқаруға кіріседі, ал бос уақытымызда перронды тазартудамыз, – дейді ерлер атқарар істің нәзік жандылардың мойнына жүктелгенін әзілмен жеткізген вокзал бастығының кезекші-көмекшісі Болған Бақбергенқызы. Әрине, қармен күрес сенбілігіне тек нәзік жандылар  ғана емес, үйілген қар мен мұзды арбаға салып тасып жүрген ерлер де көзге шалынады.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі