Су тасқынына дайындық
Жаңалықтар
21.02.2017, 12:02
Өткен аптаның соңғы күндері Оңтүстікте толассыз жауын жауып, арты қарға айналды. Ал бүгінде күн райы күрт жылып, жауған қарды ерітуде.
Мұның бәрі әрине, су тасқынын тудыратын факторлар. Жылда осы уақытта Арыс, Бадам өзендерімен қатар бөгеттерден қауіптенетін аймақ теміржолшылары сумен күреске дайын отыратын әдеттерімен биыл да шұғыл дайындық жасауда. Жауын тоқтамаған соң Шымкент жол дистанциясының басшылығы жол бойындағы 88 көпір мен 22 құбырдың тазалығын тексеріп, қауіпсіздігіне көз жеткізіп қайтты.
–Бадам, Тоғыс су бөгеттері мен Манкент станциясындағы Ақсу өзенінің су деңгейінен күнде хабар аламыз. Бір айдан бері Шымкент станциясында тасқынға қажетті тас, құм, рельс-шпал қалдықтары тиелген 7 вагон дайын тұр, – дейді Шымкент жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Ноян Өтешқалиев.
Ірілендірілген Арыс жол дистанциясының Түркістан бағытындағы Шошқакөл жылда көктемде арнасынан асып жатады. Қамыс басқан бұл көл суы қардың еруімен толысып, осы маңдағы Шәуілдір – Түркістан тас жолын басып қалады. Дистанцияның бас инженері Болатбек Салмұрзаевтың айтуынша, Шошқакөлге жақын тұстағы Күншағыр – Отырабат теліміндегі 3124, 3126, 3129 шақырымдарда қазір де су жиналған, бірақ, деңгейі темір жол деңгейіне көтерілмеген. Телім басшылары жағдайды бақылауда ұстауда. Судың шектен тыс көбейгені жайлы хабар түссе, 8 вагонға тиелген материалдар мен қажетті саймандар дайын. Ал, Арыс өзенінен өтетін Қостүйін көпірінде су деңгейі көтерілмеген.
–Түлкібас жол дистанциясы бойынша су өткізетін 272 құбыр мен 89 көпірдің тазалығы күні-түні назарда. Жолшылар Күркіреусу – Сұрым аралығында Теріс – Ащыбұлақ су бөгетінен ертелі-кеш хабар алып тұрады. Түлкібас станциясында 7, Боранды бекетінде 13 вагон платформа жасақталған. Ақсу-Жабағылы тауының етегіндегі Боранды, Абайыл, Шақпақ бекеттеріне қар көп түсетіндіктен, су тасқынының алдын алатын қажетті заттарды жыл сайын Борандыда дайындап қоямыз, – дейді дистанцияның өндірістік-техникалық бөлім бастығы Ғазиза Сүлейменова.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі