Мәртебелі марапат иелері

Жаңалықтар
09.08.2022, 12:02
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл теміржолшылардың төл мерекесі – Көлік қызметкерлерінің күні Ұлттық компанияның 25 жылдығымен қатар атап өтілді. Ерен еңбегімен ерекшеленген 80-ге жуық сала қызметкері «Құрметті теміржолшы» атағына ие болып, жүздеген адам «ҚТЖ-25 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.

Жұма күні ұлттық компанияның бас ғимаратындағы мәжіліс залында өткен салтанатты жиын Қазақстан темір жолының тарихы мен жетістіктеріне арналған бейнероликті тамашалаумен басталды. Келесі кезекте сахнаға көтерілген компания басшысы Нұрлан Сауранбаев барша қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, еңбекте табыс тіледі.

– Темір жол – еліміздегі көлік саласының басты артериясы, сонымен қатар ел экономикасының дамуына зор үлесін қосып келе жатқан сала. Міне, осы салада тер төгіп жүрген жүздеген-мыңдаған теміржолшы, қызметкерлеріміз компанияның өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Былтырғы табыс – соның нақты айғағы. Өткен жылы компания негізгі өндірістік көрсеткіш саналатын жүк айналымы бойынша тәуелсіздік жылдарында тарихта болмаған ең жоғары межеге қол жеткізді, бұл көрсеткіш – 239 млрд тонна км-ді құрады. Былтыр Қазақстан аумағы арқылы 1 миллионнан астам жүк тиелген транзиттік контейнерлер жүріп өтті. Биыл да осы деңгейден төмен түспеуіміз керек. Жақсы бастамаларға қолдау білдіріп жүрген әріптестеріме көп рахмет! – деген компания басшысы ел аймақтарынан келген еңбек озаттарына өз қолымен «Құрметті теміржолшы» және «ҚТЖ-25 жыл» мерейтойлық төсбелгілерін тапсырды.

«Құрметті теміржолшы» белгісін компанияның басқарма басшысының қолынан бірінші болып алған Ақмола магистральдық желі филиалына қарасты Астана белгі беру және байланыс дистанциясының сигнал беру, орталықтандыру және блоктау электр монтері Бекболат Молдашев – салада 40 жылдық еңбек өтілі бар теміржолшы. Ол сүйікті кәсібі арқылы саланы дамытуға қосқан еңбегі еленгеніне алғысын білдірді. Сондай-ақ 32 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы, Қарағанды облысы бойынша жол қозғалысы департаментінің бас ревизоры Болатбек Әлмұрзаев та бұл марапатты тек өзіне емес, бүкіл өңір теміржолшыларына берілген баға деп түсінетінін жеткізді.

Мереке одан әрі елордадағы «Астана опера» театрында өткен салтанатты шараға ұласты. Бағдарламада «Түрксіб», «Тың» фильмдері, театрландырылған қойылымдар, «Нұрлы жол», «ҚТЖ – бір жүрек, бір отбасы», «Махаббат перронында», «Ұлы құрылыс», «Ұлы Жібек жолы» сынды эпизодтар көрсетілді.

Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім