Елордада «Еңбек Жолы» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Биыл конкурсқа қатысуға 31 өтінім қабылданған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік еңбек әулеті» аталымында бірінші орынды «ҚТЖ «ҰК» АҚ атынан қатысқан Бурлиновтар әулеті иеленді, еңбек әулетінің темір жол көлігі саласындағы жалпы жұмыс өтілі – 117 жыл.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында бірінші орынды «Premier Palace» ЖШС геодезисі Арайлым Әбілғазиева иеленді.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында «Қазақтелеком» АҚ техникалық қолдау бірінші желісі орталығының бас менеджері Раушан Амантаева жеңіске жетті.

Қалалық кезеңінің жеңімпаздары енді «Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңінде елорданы таныстырады.