Транзит тасымалын тұсаған тексеру
Жаңалықтар
24.02.2017, 12:18
Өзбекстандық шекара әскерінің Қазақстаннан кірген әр пойызды Сарыағаш – Келес арасында 1 сағат 50 минут ұстап тексеруі, он бір жылдан бері бекет жұмысына, қала берді Шымкент бөлімшесінің жүк тасымалына үлкен кедергі келтіруде. Сондықтан, транзит тасымалын тұсап отырған шекаралық тексеру процедурасы жеңілдетілсе дейді сарыағаштық теміржолшылар.
Өзбекстандық ағайындар екі елдің шекарасы түйісетін Ақкөпірден тексеру қосынын ашып алған. Шекараға жете бере пойыздарды тоқтатып, сарбаздар күндіз де, түнде де вагонның асты мен үстін, машинист кабинасына дейін тексеріп, қыруар уақыт ұстайды. Жалпы, мемлекеттік кеденшілер мен өзге сала өкілдері тексеру өткізетін өзбектердің Келес бекеті осы жерден үш шақырым ғана. Теміржолшылардың айтуынша, он бір жыл бұрын сол Келесте-ақ, барлығы бірлесіп осы міндеттерді уақытылы атқарып жүріпті. Ал енді мынау «Тыңнан енген төтенше тексеріс» біздің теміржолшылардың бір жұмысын екі етіп, жүйкелеріне тигелі он жылдан асты.
Сарыағаш станциясы бастығының орынбасары Алдаберген Әбдіқасымның айтуынша, темір жол басшылығы бұл мәселеден хабардар, мәселені шешуге талай рет талпыныс жасалған. Бірақ, өкінішке орай көрші ел темір жолы басшыларының өз шекарашыларына «сөздері өтпей» отырған көрінеді. Сондықтан, соңғы кезде сырт елдермен шекарасын ашып, алыс-берісін көбейткен көрші елмен бұл мәселе алдағы уақытта үкіметтік деңгейде оң шешімін табады деген үміт бар
Ал Сарыағашта Өзбекстаннан келген барлық пойыз бекетке тоқтаған соң, шекарашылар мен кеденшілер айналасы 1 сағатта тексеріп шығады. Онсыз да пойыз кестесін есептеп отыратын теміржолшылардың жүйкесіне күш түсірмейді.
–Өзбек шекарашылары жолды ұстап тұрғанда пойыздар айнала алмайды. Сондықтан, 24 сағат ішінде 18-19 пойыздан артық өткізуге мүмкіндік жоқ. Сарыағаш басында түйіспе бекет ретінде салынбағандықтан, станция жолдары көп дегенде 20 пойыздың айналым жасауына арналған. Ал, екі жыл бұрын 7 жолы бар қосымша парк салу жобасы әлі қолға алынбады. Қыс айларында бес мың транзитті вагон, яғни 80-85 пойыз Арыс – Сарыағаш, Түркістан – Сарыағаш телімінде тұрды. Қараша, желтоқсаннан бері күніне 18-20 пойыздан жібергеннің өзінде 85 пойызды өткізу ақпанның ортасына дейін созылады. Қазір он жолдың сегізімен жұмыс атқарамыз. Яғни, өзбектерден келетін пойызға үш жол берсек, өзіміз бес жолмен пойыздарды ағытып, жөнелтеміз. Негізі тастанды пойыздардың ұзақ тұрып қалуы маусымдық астыққа да байланысты. Себебі, бидай күзде піседі әрі көмірге де сұраныс күзде артады. Осы себептен, қыркүйек-желтоқсан айларында өзгесін айтпағанда Орталық Азияға баратын көмір мен бидайдың өзі көбейіп, жолды жауып қалады. Мәселен, өткен жылы орта есеппен 14 пойыз қабылдап, 15 пойыз жібергенмен, астық пен көмір көп өтетін қараша, желтоқсанда екі бағытқа 17-19 шамасында пойыз алмасады. Кейде өзбектерден 15-17 қабылдап, 18-19 пойыз өткіземіз. Олар тез бұзылмайтындықтан, алдымен ұзаққа шыдас бермейтін жүктер кететіні белгілі. Сарыағашқа Түлкібас жақтан көбіне контейнерлі маршруттар келеді. Ал, өзбек еліне ағаш, көмір артқан құрамдар Түркістан бағытынан жетеді,– дейді Алдаберген Қасымбекұлы.
Көршімен тату тұрған жақсы-ақ. Дегенмен, станция басшысының айтуынша, олардың көмір тасыған вагондарды уақытында қайтармайтын да әдеті бар екен. Біраз пайдаланып, яғни «жұмыс істетіп» жіберетін сыңайлы. Соның кесірінен Қазақстан жағында ашық вагондар жетіспеушілігі орын алған көрінеді.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі