Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында ұлттық теміржол компаниясының жаңа міндеттерін атап өтті.

- Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізіне айналуда. Бізге ашылған мүмкіндіктерді толық көлемде пайдаланып, шын мәнінде әлемдік маңызы бар көлік-транзиттік торапқа айналу керек, - деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылатын болады.