Баршаға ортақ жауапкершілік

Қауіпсіздік
11.11.2025, 09:21
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша жарияланған «Теміржол инфрақұрылымы объектілерінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақталуын күшейту» айлығын өткізуге «ӘТЖК» ЖШС Түркістан филиалының Қызылорда атқыштар командасы да атсалысуда.

Қазан айының 14-нен қарашаның 14- іне дейін жалғасатын айлықтың мақсаты – теміржол бойындағы тәртіпті күшейту, бөгде адамдардың станция парктеріне заңсыз өтуін болдырмау, теміржолшылардың қызметтік құжаттарының жарамдылығын тексеру, әр қызметкердің өз орнында қауіпсіз еңбек етуін қамтамасыз ету.  

Команданың бастығы Рахман Жұмабеков атқыштар Қызылорда желілік полиция бөлімімен бірлесіп рейдтік шаралар өткізіп, станция аумағын заңсыз кесіп өтушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Нәтижесінде 18 азаматқа ескерту хаттамасы толтырылып, қайта қайталамау қажеттігі түсіндірілген.  

Қауіпсіздік тек темір жолда ғана емес, оның маңайында да сақталуы қажет. Сол себепті атқыштар ауыл тұрғындарымен кездесіп, малды қараусыз жаюдың қауіптілігін айтып, теміржол бойында тәртіпті сақтауға шақырды. Төрт түлік жолға шығып, қозғалысқа қауіп төндірген екі жағдай тіркеліп, мал иелеріне ҚР ӘҚБК 559-бабы бойынша айыппұл салынды.  

Жас ұрпақтың да қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында теміржол маңындағы мектептерде «Темір жол – қауіпті аймақ» атты кездесулер өтті.  

Оқушыларға пойыздың қозғалыс жылдамдығын, рельс үстінде ойнаудың қатерін нақты мысалдармен түсіндіріп, жаяу жүргіншілер көпірін ғана пайдалану қажеттігін айтты. Мұндай кездесу үш мектепте ұйымдастырылып, балаларға қауіпсіздік ұғымы түсіндірілді.  

Айлық аяқталған соң да бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамайды. Себебі қауіпсіздік – үздіксіз бақылау мен сергектікке сүйенеді.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті