Чехияның Transco көлік-логистикалық компаниясы Қазақстанда өкілдігін ашады, деп хабарлайды Rail-news.kz QazMonitor-ға сілтеме жасап.

Компания өкілдері «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшыларымен, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Алмаз Ыдырысовпен кездесіп,  қазақстандық өнімді ЕО және көршілес елдерге тасымалдау жоспарларын талқылады.

Transco сондай-ақ Қазақстанда автомобиль шанақтарын құрастыруды одан әрі жетілдіруге ниетті екендіктерін білдірді.

Компанияның негізгі акционері әрі басқарушы директоры Кристиан Бюлер Ресейдегі кеңсесін жапқаннан кейін компанияның Орталық Азиядағы қызметін сақтап қалу маңызды екенін айтты.