«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы 10 күндік экологиялық челленджді бастады. Ұлттық компания өз қызметкерлерін бір аптадан астам уақыт ішінде экологиялық әдеттерді бірге қабылдауға шақырады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Челлендж қоршаған ортаны қорғау бойынша «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасының аясында іске қосылды.

Челлендждің негізгі мақсаты – азаматтарды экология, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы волонтерлік қызметке тарту болып табылады.

Компания мынанда қарапайым эко-әдеттерді бірге бойға сіңіруге шақырады:  

20  қыркүйек «Пластикалық пакеттерден бас тартыңыз. Оларды эко-сөмкелерге ауыстырыңыз»;

21 қыркүйек «Электр қуатын үнемдеңіз»;

22 қыркүйек «Жаяу жүріңіз (лифттен, көліктен бас тарту)»;

23 қыркүйек «Кофе өзіңмен бе? Өз ыдысына құйып ал!»;

24 қыркүйек «Дәстүрлі шамның орнына қуат үнемдейтін шам»;

25 қыркүйек «Бір реттік пайдаланатын заттардан бас тартыңыз»;

26 қыркүйек «Су үнемдеңіз»;

27 қыркүйек «Жұмыс үстелінді ретке келтір»;

28 қыркүйек «Түскі асынды өзіңмен алып кел»;

29 қыркүйек «Қоқысты сұрыптаңыз».