"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалдарының еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменттерінің, желілік полиция бөлімдерінің және "AMANAT" партиясының өкілдері қатысты.
Теміржолшыларға ҚР-дың 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының ережелері түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық әрекеті бойынша жауапкершілік толықтай баяндалды.