Қызметтес құрбылар

Жаңалықтар
07.03.2017, 14:30
Оқуға 2 мин
Кез-келген теміржол вокзалына барсаңыз, қонақжай үй иесіндей қарсы алатын қыз-келіншектер: вокзал кезекшілері, кассирлер, анықтама бюросының қызметкерлері, хабарлаушы дикторлар, т.т. Әйел адамның ұсынықты қолының табы мұнда да сезіліп тұрады: тап-таза жинақылық, ұқыптылық, ұядай жылылық пен жайлылық. Жолаушыға не керек, жылы қабақ танытып, қолыңызға билетіңізді беріп, жолыңызға сәттілік тілесе, көңіліңіз көтеріліп, барар жеріңізге көтеріңкі көңіл-күймен аттанып кете бересіз. Кейде вокзалда қалған қаракөз арудың бейнесі жадыңнан шықпай, жол бойы ілесіп баратыны да жасырын емес... Жамбылдың теміржол вокзалына бас сұққан біз тура осы көріністі бастан кештік. Әрі мереке қарсаңында салтанатты форма киген қыз-келікшектер әлемі көктемнің хабаршысындай көрінеді екен.  «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалы кассаларының меңгерушісі Бағдат Алтынбекқызы кассир қыздарының көзге көріне бермейтін, бірақ жауапты да мазасыз жұмыстары жайлы әңгімелеп берді. – Мекемеге қарайтын телімдерде алпыс шақты қыз-келіншектер еңбек етеді. Бір ғана Жамбыл вокзалында 20 кассир еңбек етеді. Жолаушыларға билет сатып қана қоймай, олардың сұранысын қанағаттандыруда қолдан келгеннің бәрін жасауға тура келеді кейде.  Әрине, әр жолаушы діттеген жеріне ертерек жету үшін кассаларға келеді. Сондықтан, болмай жатса өзге учаскелермен хабарласып, мүмкіндігінше билет тауып беріп, әр жолаушыны риза қылып аттандыруға тырысамыз. Мекемеде отыз жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Дагилова Газиза, отыз бес жыл еңбек еткен Зина Яковлева сынды мамандарымыз бар. Олар өз өнегесін кейінгі жастарға көрсетіп, бірнеше буын кассирлер тобын тәрбиелеп шығарды. Дегенмен, біреу бес жас, он жас үлкен не кіші болғанмен, жас ерекшелігі мұнда ескерілмейді, біздің қыз-келіншектер бәрі бір-біріне құрбы, – дейді салада жиырма жылдан аса уақыт еңбек етіп келе жатқан касса меңгерушісі Бағдат Алтынбекқызы.

Ерман Әбдиев, Тараз

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды