2022 жылғы 8 қазанда сағат 2:35-те №22 "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызы вагонында туындаған өртке байланысты Түлкібас-Тараз учаскесінде шұғыл аялдама жасады. Жолаушылар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Вагонның бес купесінде шарпыған от өрт сөндіру қызметтері мен пойыз бригадасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттерімен сөндірілді.
Вагоннан жолаушылар пойыз құрамында бос орындарға отырғызылды. Пойыз сағат 6-дан 6 минут өткенде жолға шықты.
Тексеріс жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да комиссия құрылды.