"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жұмыс тобы Қостанай станциясының қызметіне кешенді тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бүгін жұмыс тобының жүк жөнелтушілері, экспедиторлар мен өңірдің локомотив тарту операторының кездесуі өтті.
Сындарлы диалог форматында қатысушылар тиімді өзара іс-қимыл, жылжымалы құрам мен теміржол инфрақұрылымын ұтымды пайдалану мәселелерін талқылады.

Уақтылы маневрлік жұмысты қамтамасыз ету үшін Қостанай станциясына қосымша маневрлік локомотивтер орналастырылып, сұрыптау паркінің жолдары ашылды, станцияның Солтүстік паркінің тұйық жолдарын ұзарту жоспарланғаны атап өтілді.
Сондай-ақ, Қостанай станциясының нормативтік-технологиялық және техникалық құжаттамасы қайта қаралып, тиісті өзгерістер енгізіледі.

