«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың әр түрлі санаттары үшін жеңілдік карталарын ұсынады. Олар жолаушыларға адалдық бағдарламасы аясында енгізілген.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық пойыздарына жарамды «Алтын» дербес дисконттық картасы 15 жастан асқан жолаушыларға арналған. Жеңілдік мөлшері – 25% болса, оның құны-19.999 теңге.  

«Күміс» картасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның әлеуметтік маңызы бар пойыздарында 25% жеңілдікпен жол жүруге есептелген. Оның құны - 7999 теңге.  

«Жастар» және «Саяхатшы» карталары коммерциялық пойыздарға арналған:  

- №51/52 Алматы-2 – Орал,  

- №105/106 Алматы – Петропавл,  

- №111/112 Алматы-2 – Маңғыстау,  

- №29/30 Атырау – Алматы-2,  

- №71/72 Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент.  

«Жастар» картасын 16-25 жас аралығындағы жастар сатып ала алады. Оның құны 3 мың теңге. «Саяхатшы» жеңілдігінің мөлшері жолаушының өткен жылғы сапарларының сомасына байланысты:  

- 100.000-нан 150.000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері -10%;  

- 150.001-ден 200.000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері-15%;  

- 200.001 теңгеден жоғары, жеңілдік мөлшері-20%.  

«Алтын», «Күміс» және «Жастар» дисконттық карталарының қолданылу мерзімі іске қосылған сәттен бастап бір жыл, ал «Саяхатшы» - 2   жыл. Атаулы карталарды бөгде адамдарға беруге тыйым салынады. Картаны айырбастауға, қайтаруға және қалпына келтіруге болмайды.  

Жеңілдік карталарын сатып алу үшін теміржол вокзалдарында орналасқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз, электрондық пошта мекен жайыңыз және ұялы телефон нөміріңіз болуы қажет. Сіз картаны тек бір адамға ғана жасай аласыз.