Республика күні мерекесіне орай Таразда экологиялық челлендж өтті, оған 550 теміржолшы қатысты. Шара барысында 80 қылқан жапырақты және 120 жапырақты көшет отырғызылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Жолаушылар тасымалы Жамбыл филиалы» және Жамбыл магистральдық желі филиалының қызметкерлері атап өткендей, ағаш отырғызу бойынша ауқымды экологиялық науқан – олардың тек қаланы жасылдандыруға қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар жастарды экологиялық тәрбиелеу.

Жұмысшылар ағаш отырғызумен қатар аллеяларды құрғақ шөптен, бөтелкелерден және басқа да қоқыстардан тазартты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ экологиялық марафон эстафетасын «Хабар» Агенттігі» АҚ-нан қабылдап, «Қазпочта» АҚ-на береді.