Республика күніне орай теміржолшылар марапатталды

Жаңалықтар
23.10.2022, 14:36

Мемлекеттік мереке – Республика күні қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 777 теміржолшы саланың дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды,  деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мемлекеттік наградалармен 6 теміржолшы марапатталды. Олардың ішінде «Құрмет» орденімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі Алматы бөлімшесі» филиалының Үштөбе белгі беру және байланыс дистанциясы БОБ учаскесінің бастығы Ержан Тұралынұлы Жебегенов марапатталды. Ол теміржол магистралінде шамамен 45 жыл жұмыс істейді. Оның әр күні қызметтік міндеттерін өте мұқияттылықпен және сезімталдықпен орындаумен өтеді.

Салтанатты іс-шара барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов наградаларды тапсыра отырып, өндіріс озаттары жоғары кәсібилік, мінсіз еңбегі және теміржол көлігін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін атап өтілгенін  жеткізді.

«Адал еңбегі үшін» салалық төсбелгісімен 110 қызметкер марапатталды. «Кәсібі бойынша үздік» атағына 94 теміржолшы, «Үздік маман» атағына 48 қызметкер ие болды. ҚТЖ-ның 39 қызметкері «Самұрық-Қазына» АҚ төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Темір жол магистралінің 346-ға жуық қызметкері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ - ға 25 жыл» мерейтойлық медалімен – 40 адам марапатталды.

 

Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді
Әлемде
15.07.2026
Өзбекстан мен Пәкістан Трансауған теміржолы жобасын жеделдетуді талқылады
Жаңалықтар
15.07.2026
Қызылорда станциясында теміржол мүлкінің сақталуы мен қауіпсіздігі талқыланды
Инфрақұрылым
14.07.2026
Елімізде 754 шақырым жаңа теміржол желісі салынып жатыр
Аймақтар
14.07.2026
Теміржолшылар болашақ жүргізушілерді теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында санитариялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жаңалықтар
14.07.2026
ҚТЖ «Балаларды мектепке жинайық» қайырымдылық акциясын өткізуде
Цифрландыру
14.07.2026
ҚТЖ жүк тасымалын талдауға арналған отандық цифрлық платформаны іске қосты
Жаңалықтар
14.07.2026
Елордада көлік және логистика саласында ірі халықаралық форум өтті
Трансформация
14.07.2026
Магистральдық желіні дамыту бағдарламасынан не күтеміз?
Аймақтар
14.07.2026
Атырау вагон құрастыру зауытында жаңа ғылыми-сынақ орталығы іске қосылды
Аймақтар
14.07.2026
Әйтеке би станциясында астық тасымалы артқан
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
І топтағы мүгедектігі бар жандар теміржол билетін онлайн ала алады
ҚТЖ келбеті
14.07.2026
Әлмахановтар әулетінің ақтаңгері
Әлеумет
14.07.2026
Балалар жаз қызығына кенелуде
Жаңалықтар / Мұрағат
14.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №53 14 шілде 2026 жыл
Жүк тасымалы
13.07.2026
Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды
ҚТЖ келбеті
13.07.2026
Сауатты шешім апаттан құтқарды
Аймақтар
13.07.2026
ҚТЖ басшылығы Семей, Аягөз және Ақтоғай вокзалдарын қайта құру жұмыстарындағы артта қалушылықты жоюды тапсырды