Жастарды қызықтыратын сауал көп

Жаңалықтар
10.03.2017, 15:35
Ақтөбенің жас теміржолшылары таяуда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Ұлттық компания президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің аймақтық өкілі Нұрден Салыхов аталған құжаттың жастар үшін қызықтыратын тұстары көп екенін жеткізді. Сондықтан басқосуда оның маңыздылығы талқыланып, жастардың сауалдарына бүгінде Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы, белгілі теміржолшы  Қанат Әлмаханов жауап берді.  – Елбасы Жолдауы, ең  алдымен халықты жаңашылдыққа жетелейді. Бұл біздің  теміржолға да қатысты. Осыдан он жыл бұрынғы локомотив паркі мен қазіргі паркті салыстырып қарайық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары біз сонау мұхиттың арғы жағына асып, тепловоздарға американдық дизель орната бастадық. Сол үшін арнайы мамандарды АҚШ асырдық, жолдамамен барып, білім алып қайтты, тәжірибе жинақтады. Елге оралған соң, әріптестеріне үйретті. Сөйтіп аз уақытта американдық дизельмен қатынайтын локомотив паркі қалыптаса бастады. Бұл да болат жол бойындағы үлкен реформалардың бірі болды, бірақ паркті жаңалаудың түпкілікті шешімі емес еді. Жылдар өте біз тепловозды модернизациялаудан өзімізде шығаруды бастадық, зауыт салдық, құрастырып бастадық. Бірте-бітре отандық өнімді экспортқа шығардық. Бұл дамудың келесі кезеңі. Міне, осы ретпен бізді алда үшінші жаңғыру кезеңі күтіп тұр, – деп түсіндірген Қанат Әлдебайұлы жастардың көкейлерінде жүрген сансыз сауалдарға жауап беруге тырысты.  Аға теміржолшының айтуынша, саласы бір орында тұрмақ емес. Әрдайым ізденіс пен өзгерістің болғанын қалайды. Жұмысты оңайлату, оңтайландыру мақсатында әрдайым тың идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасалады. – Сендер әлі жассыңдар. Дегенмен, әрдайым ізденіс үстінде болуларың керек. Жастар саясатын жүзеге асыру арқылы көшбасшылар анықталады. Елбасы айтқандай, жұмысты ойлау керек. Бір кездері жұмыс көлемі азайып, жұмысшылардың қиналғанын да көрдік. Жұмыс сағатын азайтуға тура келді. Машинистерге «егер сағатыңды азайтпасақ, әріптесің жұмыссыз қалады, отбасын асырай алмайды, сондықтан не қысқартуға ұшырайсыңдар немесе жалақы мөлшері азаяды» деп түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Абырой болғанда, мұның барлығы уақытша болды. Ал енді сендердің міндеттерің, индустрияландырудың жаңа кезеңін бағындыру, – деген ардагер теміржолшы жастарға үлкен сенім артылып отырғанын меңзеді.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі