Әйелдер мойындалған күн
Жаңалықтар
10.03.2017, 15:45
«Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалы алты жылдан бері Ұлттық компания бойынша өндірістік жарыстарда алда келеді. Бұл жеңісте, сөз жоқ, бөлімшедегі мыңға жуық қыз-келіншектің үлесі бар.
8 наурыз мейрамының құрметіне әріптес қыз-келіншектерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаған филиал директоры Ермекбай Ерманов осылай деді.
Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара теміржолшы әйелдердің көңілін көтеріп, мерейін асырды.
– Сіздердің күнделікті үй мен жұмыс арасындағы тірліктеріңіз «инемен құдық қазғандай» көзге көрінбейтін, бірақ тауқыметі көп жұмыс. Таңмен таласа тұрып бала мен үйдегі мырзаның, ата-әженің шайын беріп, одан балабақшаға жүгіресіздер. Сосын асығып жұмысқа келесіздер. Кешке дейін бізбен бірдей еңбек етіп, содан соң тағы балабақшадан үйге жете сала, қазан көтеріп, ас қамдап, бала-шаға, отағасы, ата-ене бар, бәрінің жоғын түгендеп болғанша түннің жарымы болады. Таңертең тағы сол қарбалас басталады, міне, құдайдың құтты күні таңның атысы, күннің батысы бір тыным таппайтын сіздерден біздің үйренеріміз көп. «Әйелдің қырық жаны бар» деген осы шығар. Жандарыңызға шуақ, бойларыңызға қуат тілеймін, – деп ағынан жарылып, ақ тілегін білдірді Ермекбай Тілеуұлы.
Магистральді желі бөлімшесінің бастығы Марат Оңалов та өз сөзінде жұмыстың алға жылжып, табыстың еселеніп жатқаны өз ісіне тындырымды да тиянақты әйел азаматтардың еңбегінің арқасы екенін жоққа шағармады. Бөлімше директорының орынбасары Ералы Дербісбеков пен бас инженер Хайролла Сәрсенов те әйелдерге осы күні ең әдемі сөздері мен тілектерін арнады.
Жиын соңында бөлімше басшылары еңбектегі жетістіктері үшін Балжан Назарова, Жұмагүл Сарбасова, Аида Бекжанова, Күлән Мыңбаева, Раушан Омарова, Ұлдан Ешімбетова, Әзида Құбанова, Людмила Квон, Тамара Ахметова, Ольга Иваненко сынды бірқатар қыз-келіншектерге Құрмет грамотасын табыс етті.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі