Сый-құрмет еселене түспек
Жаңалықтар
10.03.2017, 15:52
«Қызылорда – ЖТ» бөлімшесінің мәжіліс залында аймақ теміржолында еңбектеніп жүрген қыз-келіншектерді барша ер-азаматтар атынан бөлімше басшылары Аманкелді Арысбаев пен Ибрахим Басықараев құттықтады.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бөлімшенің персоналды басқару бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген салтанатты жиында тек ерлер қызмет жасап, нәзік жандылар құрметке бөленді. Партияның теміржол филиалы қызметкері Ғани Байұлы тізгіндеген жиын президиумына ерен еңбегімен бағаланған теміржолшы әйелдер отырды.
Алғашқы құттықтау сөзді бөлімше директоры Аманкелді Арысбаев бастап, аймақтағы теміржолшылар мерейін асырып жүрген жаны нәзік, рухы мықты әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтады.
– Мереке жақындаған сайын ер азаматтар аяулы анасына, сүйген жарына, ардақты апа-қарындасына не сыйласам деп бас қатырады. Әрине, бұл мерекеде ғана ерлердің ойына оралатын нәрсе емес, әйелге құрмет үлгісін біз күн сайын көрсетіп жүрміз. Әйтсе де, әйел-аналарымыздың меншікті мерекесі күні сый-құрмет те екі еселене түспек. Ару аналарды ерекше құрметтейтін халық ұрпағы бүгінде оларды «Жер ана», «Сыр ана» және «Ана тілі» деп ерекше құрметке бөлеп қадір тұтады. Біздің бөлімше қызметкерлерінің 30 пайызы әйелдер болып саналады, олар ерлермен иық тіресіп жұмыс жасап, еңбек көрігін қыздырып келеді. Мереке күні осы жаны нәзік аруларымызға аймақ теміржолшылары атынан мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасында береке тілеймін, – деп ілтипат білдірді бөлімше басшысы.
Бөлімше басшылары аймақ теміржолының дамуына үлес қосып жүрген бір топ еңбек майталманына Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапаттап, құшақтарын гүлге толтырды.
Сабыр НӘДІР, Қызылорда
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі