«Құрық порты» ЖШС-ы Ыстамбұлда өтіп жатқан 15-ші халықаралық «Logitrans 2022» көлік және логистика көрмесіне қатысуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бұл көрмеде көлік және логистика саласындағы заманауи өнімдер ұсынылды.

Жүздеген өндірістік, коммерциялық және өкілдік компаниялар, логистикалық салаға арналған өнімдер мен қызметтерді жеткізушілер мұнда мыңдаған сатып алушылармен кездесуге мүмкіндік алды.
Көрме барысында Құрық портының басшылығы порттың өндірістік қуаты мен халықаралық логистикалық желілерді дамыту мүмкіндіктерін таныстырды.
LOGITRANS халықаралық көрмесі – жыл сайын өтетін шара. Келер жылы көрмені кеңейтіп, компаниялардың кең ауқымын тарту жоспарлануда.
