Ақмола бөлімшесінде еңбекті нормалау мамандарымен, кадр қызметтері мен кәсіподақ комитеттерінің төрағалары үшін біліктілікті арттыру бойынша семинар өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бөлімшенің, станциялардың, локомотив және вагон пайдалану деполарының 40-тан астам қызметкері еңбек заңнамасындағы өзгерістер туралы біліктілігін арттырды. Әлеуметтік тұрақтылық мәселелері талқыланып, еңбекақы төлеу ережелері, жұмыс беруші мен еңбек ұжымы қол қойған Ұжымдық шарттың ережелері түсіндірілді.
Кездесу кәсіби байланыстар мен тәжірибе алмасу үшін пайдалы болды.