Көшпелі кітапхана
Жаңалықтар
14.03.2017, 14:04
Қызылорда теміржол торабындағы ғылыми-техникалық кітапхана сала теміржолшыларына кітап ұсынумен қатар абоненттерді мерзімді баспасөз өнімдерімен қамтып, ақпараттық және анықтамалық, библиографиялық көмек көрсету қызметін атқарып келеді.
Сонымен қатар, теміржолшыларды «АСУ НТИ», «КИП» және базалы «АБИС-ИРБИС-64» бағдарламасы арқылы қажетті электронды ақпарттармен де қамтып келеді. Бұл қызметтерге қосымша кітапхана станциядағы салалық мекемелердің әр қайсысына жекелей бір күн арнап ақпарат күнін өткізеді. Бүгінгі осындай жұмыс жоспары кестесі Қызылорда белгі беру және белгі беру дистанциясында ұйымдастырылып, дистанция теміржолшылары кішігірім «көшпелі кітапхананың» қызметін пайдаланып, ақпараттармен сусындады. Техникалық бағыттағы кітаптарды, газет-журналдарды, теміржолшылардың кәсіби саласына қатысты іріктелген ақпараттарды сөрелей жайған кітапханашының ақпарат күніне арнайы әкелгенін бағалаған дистанциялықтар көптеген құнды мәліметтермен танысты.
–Кітапханашы кез-келген абонентті қажетті ақпаратпен, мерзімдік БАҚ өнімі немесе әр сала қызметіне сай библиографиялық мағлұматтармен қамтумен жұмысын атқарады. Сонымен қатар мекемелерінде ақпарат күнін өткізіп, оларды қажетті баспа өнімімен, мерзімді басылыммен қамту, жаңашыл идеялармен қамтамасыз ету шараларын жүргізіп келеміз. Бүгін дистанциядағы ақпарат күні «кітаппен кеңес, білімдімен теңес» тақырыпта өткізілуде. Біздің кітапхананың бірнеше тұрақты оқырманы осы дистанцияның теміржолшылары, – дейді бүгінгі жұмысы жайлы таныстырып өткен Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің ғылыми-техникалық кітапханасының кітапханашысы Райхан Темірғазиева.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі