Құрық портына 6 жыл толды

Жаңалықтар
07.12.2022, 11:19

6 желтоқсан күні Құрық портына 6 жыл толды. Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Ақтау портының оңтүстігіндегі табиғи шығанақ. Ауа райы қолайлы болған соң мұнда жыл он екі ай тоқтаусыз автокөлік пен теміржол паромы жұмыс істейді. 

Құрық порты – Н. Назарбаевтың стратегиялық бастамасы. Каспий теңізі арқылы батыс бағдарда экспорттық әлеуетті күшейту үшін паром қызметін қолдану туралы 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол –Болашаққа бастар жол» атты президент Жолдауында айтылды. Қазақстанды ірі іскерлік, транзиттік, өңірлік хабқа айналдыруда теміржол көлігі мен теңіз инфрақұрылымының маңызы өте зор.

2015 жылы сәуірде Құрық портындағы өткізу кешені нысандарының құрылысы басталды. 2016 жылы 6 желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген Жалпыұлттық телекөпір кезінде порттың алғашқы өткізу кешені мен теміржол жолы іске қосылды.

17 қаңтар 2018 жылы «Порт Құрық» ЖШС «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» Халықаралық қауымдастығының мүшесі болды.

Порт облыс орталығы Ақтау қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ең жақын елді мекен – Құрық – 17 км.

Құрық порты паром кешені еліміздің халықаралық көлік дәліздерімен қосатын логистикалық тізбек құрамына жатады. Сол арқылы жүк жеткізу мерзімін барынша азайтып, тасымалдау үдерісін жеңілдетіп, тауар бағасын арзандатады. Құрық портының паром кешені еліміздің экспорттық және транзиттік әлеуетін, көлік дәлізінің бәсекелестігін дамытып, мультимодальдық тасымалдауды өсіреді. Қазақстанның инфрақұрылымын Еуразиялық халықаралық сауда ағынына қосады.

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды