Жыл басынан теміржол бөлшектерін ұрлаудың 40-тан астам жағдайы тіркелді

Жаңалықтар
19.12.2022, 10:28

Қонаев станциясында теміржолшылар мен ПЖБ қызметкерлерінің бірлескен рейді барысында темір жол жоғарғы құрылысының бөлшектерін ұрлаған 1998 және 2003 жылғы  жас жігіттер ұсталды. Ұрлық фактісі бойынша зиянкестерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылданатын болады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жыл басынан бері ҚТЖ магистральдық желісінде жолдың жоғарғы құрылымының бөлшектерін (түйіспелі төсемдер, болттар және т.б.) ұрлаудың 44 жағдайы тіркелді.

Бұндай заңбұзушылықтар жолаушылар мен тасымалданатын жүктер үшін ауыр зардаптары бар жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуіне, стратегиялық объектілердің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Теміржол көлігі қызметкерлерінің қырағылығы арқасында барлық төтенше жағдайдын алдын алуға қол жеткізілді. Жолдағы ақауларды жою бойынша теміржолшылар уақытылы шаралар қабылдауда. Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір учаскелерде пойыздардың жүру жылдамдығы төмендетілсе, бұл өз кезегінде олардың кестесіне теріс әсер етеді.

Теміржол инфрақұрылымы элементтерін ұрлаудың ең көп саны Алматы, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл өңірлерінде тіркелген.

- Алматы жол дистанциясы шегінде теміржолдың жоғарғы құрылымы элементтерін ұрлау жиілеп кетті. Тек соңғы бір жарым айда түнгі уақытта 72 астам жол төсемдері мен 200 түйіспе болттары ұрланған. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін біз желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен  бірлескен рейдтер жүргіземіз, - дейді Алматы магистральдық желі бөлімшесінің директоры Асқар Жексенбиев.

Теміржолшылар жолдағы ақауларды жою және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды уақтылы қабылдайды.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды