Қара шаңырақтың киесі

Жаңалықтар
18.03.2017, 14:44
Теміржолшыға тән жауапкершілік пен төзімділік, қарапайымдылық -  кәсіп иесінің мінезін қалыптастырады. Ауыр саланың жүгін жеңілдету  үшін бірлесіп, ынтымақта тірлік ететін сала мамандары отбасында да осы қағиданы ұстанатындай.   Арыстық Рысбековтер әулетінде  теміржолшы мамандығын үйдің тұңғышы Дүйсен бастаған. Соңынан інілері еріп, одан немере буын жалғап, бүгінде  әулеттің еңбек өтілі  250 жылға жетіпті. Дүйсен 1979 жылы  Арыс станциясына кезекші болып орналасып, 1991 жылға дейін осында жұмыс атқарады. Тағдырға не шара, сол жылы кенеттен дүниеден өтеді. Әкесі Қайболда қария да Арыс станциясындағы жүк сақтау қоймасының меңгерушісі болып  зейнетке шыққан екен. Екінші ұл Жайлау 31 жылдан бері станцияда диспетчер болса, Сайлау құрылыс саласын таңдаған. Қали 1981-1994 жылдары пойыз құрастырушы болып, одан кейін Арыс станциясындағы ЖІІБ-не  ауысып, зейнетке шыққанша 15 жыл еңбек етіпті. Әли 1988 жылдан, Тасқын 1989 жылдан бері Арыс бекетінде станция кезекшілері. Талғат 24 жылын пойыз құрастырушы кәсібіне арнаса, Қырықбай 1997 жылдан бері жолсерік. Қазір «Астана – Сарыағаш» пойызында жолаушыларға қызмет етуде. Бұл әулеттің келіндері де несібесін теміржолдан айырып отыр. Үлкен келіндер  Жұмақыз  бен Айман Арыс станциясында оператор, ал Мейрамгүл маневр диспетчерінің операторы.  Немерелері Нұржан мен Азаматтың Арыс локомотив пайдалану депосында бірі  машинист, бірі көмекші болғанына жеті жылдан асқан. Самат пен Нұркелді  ЖІІБ-не қызмет етіп, темір жол бойының тыныштығын күзетуде. Әр мереке сайын  Қараспан ауылындағы әулеттің  қара шаңырағында бас қосатын Рысбековтер  аналары Бизаданың қолын алып қайтады.  Батыр ананың аман-есен жетілген он екі ұл-қызынан бүгінде 45 немере, 16 шөбере тарапты.

  Рысбековтер әулетін  жұрт «ынтымағы жарасқан отбасы» деп бекер айтпаса керек.Бүгінде әулеттің ақылшысына айналған Жайлау теміржолда өсіп- өніп отырған әулет мүшелерінің ынтымақтылығы қарашаңырақта отырған аналарының арқасы, сол қарашаңырақтың киесі деп біледі.  «Әр мәселені үлкендігімді алға тартып, өзім білермендікке салмай бауырларым мен келіндерімді шақырып ортаға саламыз. Әрқайсының пікірін сұрап, сосын барып анамыздың байлауын күтеміз»,- дейді наурыздың жиырма үшінде  55 жасқа келетін Жайлау Қайболдаұлы. Отыз жыл бір саланың «жілігін шаққан» тәжірибелі маман  2000 жылы «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісін тақса,  Темір жолдың 100 жылдығы  мерейтойында  алтын сағат иеленіпті. 

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі