Әр сапар – алғашқы сапар

Жаңалықтар
28.03.2017, 15:57

Атырау локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Бабатай Бекетаев теміржол көлігінің тізгінін ұстаған жан қозғалыс қауіпсіздігіндегі ең жауапты адам деп біледі. Міне, бүгін де №19 «Атырау – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызын алып жүруге дайындық үстіндегі машинист  көмекшісі Кәдірбек Бермағамбетовпен бірге тепловоздың май-суын тексеріп, кем-кетігін түгендеуде. Үш сағаттан соң аттанатын жолаушылар пойызын  Сағыз станциясына  дейін жеткізудің тәжірибелі машинист үшін қиын ештеңесі жоқ, күнделікті үйренген, сонша жылда дағдыға айналған жұмысы. Әйтсе де, жауапкершілік жүгі  аға машинисті бір сәт те босаңсуына жол берген емес. – Пойыздағы 20 вагон мен ондағы 600-ден астам адамның тағдыры саған сеніп тапсырылғаннан кейін жолаушылар пойызын жүргізу кезінде өте жоғары жауапкершілік сұралады. Жолда небір болуы мүмкін апаттардың алдын алған кездер болды. Сондықтан, әу баста үйренген дағдым осы, әр сапарға алғашқы сапарымдай дайындаламын, – дейді І сыныпты тепловоз машинисі. Теміржолға небары 17 жасында келіп, өмірінің 37 жылын тек осы саламен ғана байланыстыра білген Бабатай Қуанышқалиұлы Атырау қаласында орта мектепті бітірген соң Жол техникалық мектебіне түсіп, көмекші машинист мамандығын алып шығады. 1985 жылы машинист көмекшісі болып еңбек жолын бастап, арада он жыл уақыт өткен соң ғана, 1986 жылдың күзінде жеке-дара тепловоз тізгінін ұстайды.  Әрине, күрделі ауа райы жағдайында еңбек етіп, кез-келген  қиын-қыстау жағдайларға дайын болу, сын сағатта дұрыс шешім қабылдай білу мен жоғары  жауапкершілікті сезініп, нормаланбаған графикпен жұмыс істеу сынды ер жігітке  тән қасиет бойында болмаса,  Бабатай Бекетаев  нағыз машинист болып қалыптаспас па еді, кім білсін... Айта кетейік, теміржолшы кәсібі әулеттен тарайтынын ескерсек, кейіпкеріміздің ағасы, Құрметті теміржолшы Сүйеу Бекетаев тепловоз машинисі болып 40 жылдан астам еңбек еткен, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер. Ал ұлы Мұрат Бекетаев 15 жылдан бері өзімен тізе қосып еңбек етіп келеді, бүгінде машинист- нұсқаушы.

Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау

         
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі