Айлық анықтаған ақаулар  

Жаңалықтар
28.03.2017, 16:32
   Бүйірлік рамасының  ақауы жиі орын алуы бүгінде таңсық болмай қалды. Сондықтан  осы бүйірлік рамаларының ақауына байланысты арнайы айлықтар өткізіліп, қырағылықты арттыру шаралары қолға алынуда. Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Жұмабек Якупбаев желтоқсан мен наурыз айлары аралығында өткен кезекті айлық кезінде анықталған ақаулы оқиғалар жайлы айтып берді.    – 20 желтоқсанда аға вагон қараушы Ерлан Ереков  бізде бұрын-соңды кездеспеген аса ірі көлемді жарықты тапқан еді. Вагонға жаңа бүйірлік рама салынып, 21 қаңтар күні шығып кетті.  Одан бері де бүйірлік рамадағы 5 ақау анықталды. 5 қаңтар күні Е.Ерековтың ауысымында вагон бақылаушы Ерполат Сәбітаев, 7 қаңтарда аға вагон қараушы Нұрлыбек Құрбанбаевтың ауысымында вагон бақылаушы Берік Дүйсенбаев 661 03 342 вагонының бүйірлік рамасынан сынықты анықтады. Сондай-ақ, 9 қаңтарда №22 ағымдағы ағыту тұйығында 601 68 747 вагонынан вагон қараушы Байрамбай Тыныштықов ақау тапты. Ағымдағы ағыту тұйығына түскен вагон басқа бір ақаумен алып келініп, барлық құрылымы түгел қаралатындықтан, жұмыс барысында қосымша ақаулық анықталып жатыр, – деді  Ж.Якупбаев.     Оның сөзінше, дәл осылай тағы бір "Д " образды сынық  9 қаңтардан 10-на қараған күні сағат 23:00-де жетінші жолға тоқтаған №525 27 744 вагонының бүйірлік рамасында кездескен. Вагон локомотивтен ағытып алынып, дереу деполық жөндеуге жіберілген. – Бұл вагон Ресейдікі болатын және ол бізге дейін сонша жол басып өтті. Технологиясы бойынша бүйірлік рамасын дәнекерлеуге болмайды. Соған қарамай біз анықтаған тесік дәнекерленіп, үстіне қарамай жағылған екен. Сырт көзге байқалмайтындай. Осындай анықталуы қиын ақаулықты вагон бақылаушы Әділет Байсейітов айнаның көмегімен тауып отыр, – деген вагондарға техникалық қызмет көрсету бөлімі басшысының мәліметіне 2008-2016 жылдары аралығында елімізде 80-нен астам бүйірлік раманың сынып кетуі орын алған көрінеді және талдау нәтижесі мұндай жағдайдың негізінен қыста болатынын көрсеткен.        – Бүйірлік рамасының қыс кезінде сынуы – біріншіден металдың құйылуына және оның қыста сынуға  бейім болуына байланысты. Қазір 2009, 2010, 2011, 2014 жылдары шыққан  бүйірлік рамаларында да жарық сынықтар кездесуде.  Олар әлі сынуға тиісті емес. Бүйірлік рамасы зауытта 5 жыл кепілдікпен, 30-35 жылға жарамдылықпен жасалады. Сондықтан қандай белгідегі бүйірлік рамаларында жиі ақау кездесетінін өзімізге белігілеп, жұмысшыларға таныстырамыз. Тағы осы бүйірлік рамалары ерекше бақыланады. Негізінде вагонның бұл бөлшегі қайта жөндеуге келмейді, әрі өте қат, – дейді  Ж.Якупбаев. 

Шахида ЖҰМАН

Маңғыстау

   
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі