Рельсарқалық зауыты: технологиялық жаңғыртудың жарқын үлгісі

Жаңалықтар
31.03.2017, 09:53
Ақтөбеге ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев келді. Сапар барысында Ақтөбе рельсарқалық зауытында болып, ондағы технологиялық ерекшеліктерімен танысқан үкімет жетекшісіне зауыт басшылығы соңғы үлгідегі жабдықтарды көрсетті. Зауытта Үкімет жетекшісінің қатысуымен «Мемлекте басшысының жолдауы аясында Ақтөбе облысының кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту» тақырыбында алқалы отырыс өтті. Оған жергілікті билік өкілдерімен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, сондай-ақ аймақтағы ірі және орта кәсіпорын басшылары қатысты. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында аталған тапсырмаларға сәйкес, еліміздегі индустрияландыру жұмыстары Ақтөбе рельсарқалық зауыты секілді жоғарғы экспорттық әлеуеті бар, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға басымдық бере отырып, жалғастырылатын болады, – деді Үкіметбасы өз сөзінде. Рельсарқалық зауытында «Siemens VIA Metals Techologies» атты жаңа технология қолданылады, ол технология мұнда шығарылатын рельстерді жоғары жылдамдықтағы қозғалыс желілерінде және жүк жүктемесі жоғары желілерде пайдалануға мүмкіндік береді. Зауыт басшылығы Премьер-министрдің назарына зауыттан шығып жатқан, соңғы жылдары еліміздің теміржол құрылысында кеңінен қолданыла бастаған рельс өнімдерін ұсынды. Айта кетейік, отандық рельс өнімдері бүгінде Алматы-1 – Шу теміржол желісінің екінші жолдарын салу кезінде кеңінен қолданыла бастады. Сонымен қатар салынып жатқан Құрық портының паромдық кешенінің жобаларына апаратын жолдарда да Ақтөбенің рельс төселіп жатыр. Тіпті, Астана қаласындағы теміржол вокзалы кешенінің құрылысында да қазақстандық болат жолдар төселуде. Зауыттың бас директорының орынбасары Марат Ибрагимовтың айтуына қрағанда, жалпы Қазақстанның магистральдық теміржол желісін жаңғырту үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және Ақтөбе рельсарқалық зауыты арасындағы рельс сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісімшарт аясында 2022 жылға дейін 600 мың тоннадан астам рельсті жеткізу жоспарлануда екен. Сондай-ақ, ішкі нарықты қамтамасыз етуден өзге, рельс өнімдерін көрші елдерге экспорттау басталды деуге болады.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі