«Нұрлы жол» вокзалына ұсыныс пен шағым қалдыратын QR код орнатылды

Жаңалықтар
07.02.2023, 09:53
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Нұрлы жол» вокзал кешенінде пікірлер мен ұсыныстар, шағымдар қалдыратын QR код пилотты жоба ретінде орнатылды. Код таңбаланған тақтайшалар вокзалдың күту залы, дәретханалары және анықтама бюросының жанына қойылды.

Вокзалға келген жолаушылар немесе шығарып салушылар, қарсы алушылар ұялы телефонының камерасы арқылы кодты сканерлеп, әрі қарай тиісті сілтемелерге өтіп, пікір білдіреді. Кешеннің технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ғалия Нүскееваның айтуынша, бұл вокзалдағы сервис сапасы қандай деңгейде екенін анықтау үшін керек.  

– Сканерді басқаннан кейін «пікірлер» деген пункт бар, соны басып, шағым, ұсыныстардың тізімі бойынша сұрақтарға жауап беруге немесе өзі жазу арқылы пікір қалдыруға болады. Кейін вокзал қызметкерлері қалдырылған пікір бойынша мәселені егжей-тегжейлі сұрауы үшін сол жерге телефон нөмірін жазып кетсе болады. Алайда жеке деректері құпия сақталғанын қаласа да өз еркі. Жалпы мұның біздің вокзал мен персоналдың жұмысын жақсартуға септігі тиер деген ойдамыз, – деген Ғалия Нүскеева интерфейс қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейтінін атап өтті.

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды