Су деңгейі қайтты дегенмен…

Жаңалықтар
31.03.2017, 10:48
Апта басында Сырдария тосын мінез танытты. Қармақшы ауданының Абыла елді-мекеніне жақын маңдағы жайылымды су басып, соның салдарынан 28 бас уақ мал шығыны  орын алып,  бес жүзге жуық қой-ешкі тілсіз жаудың қыспағында қалып қойды.  «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесіне қарасты теміржол нысандары мен жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндірер жағдай орын алған жоқ, яғни   жайылымдық шабындықтарға жайылған су теміржол нысандарына қауіп төндірген жоқ. Бұл, әрине, ең алдымен  теміржолшылардың күні бұрын қам жасап, көпірлер мен арық-жыраларды тазалап, қарқынды су мен тасқын судың өтер жолдарын кедергісіз, ашық, таза ұстауының нәтижесі  деп білген жөн. Сыр бойы теміржолшылары жыл сайын дария  суынан төнетін қауіптің алдын алып, бақылауда ұстауды естен шығарған емес, оған дайындық  ауа райының құбылысына байланысты, кейде тіпті наурыз тумай, ақпан айында ақ күн күрт жылынып кетуі мүмкін. – Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылтам – Анакөл және Қызылтам – Қаракеткен телімдерінде жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтау мақсатында теміржол көпірлері ен жасанды құрылыстарда  тазарту жұмыстары жасалып, механиктер мен телім басшылары тәулік бойы кезекшілік өткізді. Атап айтқанда Қызылтам – Анакөл телімінің, Қызылтам –Қаракеткен телімінің бойындағы он шақты көпірлер мен құбырлар, жасанды имараттар  тазаланып, дариядан тасыған ағын судан төнген қауіптің алдын алу шаралары нәтижелі жүргізілді. Қауіпті бейтараптандыру жұмысына АРБ мен МПТ техникасы жұмылдырылып көпір бригадалары жұмыс істеген.  Қазіргі таңда болат жол телімдеріне төнген қауіп сейіліп, судың деңгейі қайтты. Дегенмен, судан төнер қауіп жоқ деп жайбарақаттық танытар жайымыз жоқ, біз білетін дария аяқ астынан тосын мінез танытуы әбден мүмкін, – дейді бөлімшенің бас инженері Берік Бекжанов.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі